ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Автобустар саны артты

17:44, 4 шілде 2022

Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер саны артты. Келесі айда тағы бірнеше су жаңа автобус әкелінеді деп күтілуде. Осы арқылы қоғамдық көліктердің тасымалдау сапасы жақсармақ. Әлбетте, сонымен қатар, автобустардың жүру жиілігі де артатындығына сенімді қала тұрғындары.

Қала ішіндегі желіге шыққан жаңа автобустарды бірден тануға болады. Ашық түспен боялған. Маусым айының соңында желіге 20 жаңа көлік шықты. Шілденің соңына дейін тағы 20-сы пайдалануға берілмек. Ал, қалған 60 автобус шаһарға жыл соңына дейін жеткізілетін болады.

Ризван Цинаев, Павлодар қалалық № 1 автобус паркінің өкілі:

Әрине, сапасы тексеріледі. Біз сертификат алып, тексереміз. Бұл көліктерді жүргізіп әкелеміз. Айта кету керек, көліктер Алматыдан Семейге дейін түрлі сападағы тас жолдардан өтті. Осы арқылы сапасын анықтадық. Өте тиянақты жасалған. Кондиционер, ауа баптағышы барлығы істеп тұр.

Көлік жеткізушілері автобустың сапасына ғана емес, алдағы уақыттағы қызмет көрсетуіне де кепілдік береді. Себебі, бұған дейін қала тұрғындарын 1990 жылдары жасалған көліктер тасымалдап келген еді. 

Ризван Цинаев, Павлодар қалалық № 1 автобус паркінің өкілі:

Негізінде көліктерді ауыстыратын уақыт келді. Қазіргі қала көшелеріндегі автобустардың басым бөлігі 1990-шы жылдардың басында желіге шыққандар. Әбден тозығы жеткен.

Бұған дейін облыс әкімдігіндегі аппарат жиынында қоғамдық көліктердің жаңартылатыны айтылған болатын. Келелі кеңесте көтерілген мәселе, көп ұзамай шешімін тауып жатқаны жұртты қуантады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...