ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АУЫЛ ТЫНЫСЫ

16:11, 22 мамыр 2020

«Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» демекші, ауыл әрқайсымыздың алтын бесігіміз. Суын ішіп, топырағында аунаған туған жердің көркеюіне үлес қоссақ арман жоқ-ау. Мәселен, Май ауданы Баскөл ауылының тұрғыны мектеп ауласына картоп салса, Заря ауылының тұрғыны жерлестеріне демалып отыруға арналған орындықтар орнатуда.

Бұл Баскөл ауылы Амангелді Иманов мектебінің бақшасындағы картоп егу процесі. Жергілікті шаруа қожалық иесінің бастамасын барша мектеп қолдапты. Күзде түсетін өнім білім беру ошағының асханасында пайдаланылмақ. Жалпы, картоп мектеп аумағының 150 гектар жеріне егілді. Ал, бұл Павлодар ауданы Заря ауылының тұрғыны Нұрқуат Садығазин.   Еріктілер жылы қарсаңында жерлестеріне бос уақытта серуендеп, демалу үшін өз қолымен екі орындық жасап берді. Сырлап, тіпті гүл де отырғызды. Осылайша Нұрқуаттың «Әдемі Заря» жобасын ауылдастары қолдауда. Енді, олар бірлесіп ауылда жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатпақ.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
18:04, 20 қаңтар 2021
«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
22:34, 18 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
22:05, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
21:52, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА...
Толығырақ...