ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды

18:42, 14 қыркүйек 2021

Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылының тұрғыны шағын трактор жасап шығарды. Ол бұған 7 айдан астам уақытын жұмсаған. Ауылшаруашылығында таптырмас техника алақандай ауыл ішінде сұранысқа ие көрінеді. Ал, авторы болса болашақта санын көбейтуді әлі ойластырмапты.

Асылбек Базар Үштерек ауылының тұрғыны. Техникаға жастайынан әуес. Ауылды жерде тұрғандықтан  шағын трактор керек болды. Бірақ, құны қалтаны қағатын болғандықтан өзім жасап алғанды жөн көрдім,-дейді.

Асылбек Базар, Үштерек ауылының тұрғыны:

Шағын трактор керек болды. былай объявлениеден қарасаңыз бар екен. Бағалары өте қымбат екен. Содан, неге қолдан жасап көрмеске деген ой келді. Содан кейін осы тракторды ақырын жасай бастадым. Керекті жерлерін интернеттен қарадым. Өлшемі бар, несі бар. содан кейін әрі қарай өз ойыма салып, осылай шығардым.

Көлемі шағын, аса көп шығынды қажет етпейтін бұл туынды ауыл тұрғындарының көңілінен шығып үлгерген. Көрші қолаң сұрап алып, шаруасын дөңгелеті,-дейді Асылбек. Бір қызығы, болашақта көлігін заңдартыруды ойластырмапты.

Асылбек Базар, Үштерек ауылының тұрғыны:

Негізі ондай артық ой жоқ шынымды айтсам. Бірақта үй-жайға құрдым, істедім. Пока осы маңда. Ондай артық ой келген жоқ.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бұл шағын тракторды жасап шығуға шамамен 7 айдау уақыт кеткен. Енді өздеріңіз көріп тұрғандай барлығы Ваз автокөлігінің саймандары. Яғни, дөңгелектері, оның көтергіші, мосты барлығы ескі-құсқы заттардан жасалған екен. Енді, иесінің айтуы бойынша алдағы уақытта мұны үлкейтіп, потенттеуге әлі жоспарда жоқ көрінеді.

Негізгі бөлігі ескі саймандар болғанымен, 500 мыңға жуық қаражат жұмсапты. Негізгі қозғалтқышында 15 аттың күші бар. ал, көтергіші 200 келіні алқымдауға қауқарлы. Деседе ауылды жерде таптырмас көлікке айналып отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі
22:19, 24 қыркүйек 2021
Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі
Толығырақ...
Той-томалақ өткізуге рұқсат етілді
18:42, 23 қыркүйек 2021
Той-томалақ өткізуге рұқсат етілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...