ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты

21:08, 25 қараша 2021

Павлодар облысында 10 айдағы өнеркісіп көлемі - 2,2 трлн теңге. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 60%-дан астам, осылайша өңір шикізаттық емес өндіріс көлемі бойынша республика деңгейінде 3-ші орында. Жалпы, 2025 жылға дейін 186 инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің экспорттық әлеуетін тағы 28%-ға арттыруға ықпал ететін болады.

Павлодар облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқыны бойынша көш бастап тұр.  Ет өнімдерінің экспорты 40%-ға өсті, жыл соңына дейін 4 мың ірі қара мал басына арналған тағы 5 мал шаруашылығы іске қосылмақ.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірісі 9 айда 90 млрд теңгеден асты, жыл соңына дейін барлығы 32 объекті іске қосылады. Осының барлығы Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешенінің  инвестициялық тартымдылығын арттырады: қазір субсидиялардың 1 бюджеттік теңгесіне 4 теңге жеке инвестициялар келеді.

Мемлекет қазынасынан 70 жоба қаржыландырылды

Биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқасында 70 жоба іске асып жатыр. Аймақ басшысының сөзінше, олардың басым бөлігі аяқталған. Мәселен, 10 мектеп, 4 балабақша жөңделіп, дәрігерлік амбулатория салынды. 80 шақырымнан астам ауыл ішілік жолдарға орташа жөңдеу жүргізілді. Сондай-ақ, ауылдағы өмір сапасының басты көрсеткіші - таза ауыз суға колжетімділік.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес бұл мәселе ерекше бақылауда. Жыл соңына дейін қолжетімділік деңгейін 94,7%- ға дейін жеткіземіз. Жалпы, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 20%-ға өсіп, қамту – 40,6 мың адамға артты. Осылайша, біз жобаларды іске асыруды тездетіп, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеміз.

12 медицина ұйымы ашылады

Алдағы үш жылда Павлодар облысында 12 медицина ұйымы ашылады. Биыл облыстық аурухана жанынан инфекциялық бөлімше пайдалануға беріледі.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Павлодардың жаңа шағын ауданында көпсалалы аурухана салуды, сондай-ақ өңірде тағы үш ауылдық медициналық мекемелер құрылысын жоспарлап отырмыз. 2024 жылға дейін барлығы 12 денсаулық сақтау объектісін пайдалануға беру жоспарда. Осылайша, медициналық ұйымдар өңір тұрғындарының 90%-дан астамы үшін қадамдық қолжетімділікте болады. Тәуелсіздік жылдары облыста 96 медициналық объектілер салынғанын атап өтемін.

Облыс орталығындағы кардиоорталықта тоғыз жыл ішінде 18 мың күрделі ота жасалды, жыл сайын мұнда 80 мың адам медициналық көмек алады. Оған қоса, Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, ауылға барған жас мамандарға арнап 41 млн теңгеден астам көтерме өтемақы, 52 маманға жалпы соммасы 211 млн теңге болатын бюджеттік несие берілген.

 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...