ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ауыл халқы бағдарламаның игілігін көріп отыр

21:59, 3 маусым 2022

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданында жолдар жөнделіп, мектептер жаңартылып жатыр. Елдімекендегі оң өзгерістерге халық риза.

Қожамжар ауылының жастары үшін жақсы жаңалық. Жаңа көпфункцияналды кешен салынып жатыр. Елдімекенде 1000-ға жуық тұрғын болса, 350-і жастар. Олар осы алаңды көптен бері күткен.  

Аяз Ғизатулов, Қожамжар ауылының тұрғыны:

Біздің жастарға керек деп ойлаймын. Көптеген жылдар бойы осындай заманауи алаң болған жоқ. Спортқа ынтасы жақсы. Ары қарай бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Мұндағы жұмыстар мамыр айында басталды, тамызда аяқталады деп жоспарланып отыр. Бюджеттен 133 млн теңге бөлініпті.  

Серік Тезекбаев, Қожамжар ауылдық округінің әкімі:

Көофункционалды спорт алаңы. Ішіне мини футбол алаңы, баскетбол, киінетін жүгіретін алаңы бар. Бұл Қожамжар елі үшін жақсы хабар. Еліміз көркейіп жатыр. Енді барлық жағдай жасалып жатыр.

Қожамжар ауылдық округіне 4 ауыл кіреді, Қожамжар, Қайран, Жамбыл, Қараой елдімекендері. Елдің қуанышына орай биыл елдімекендегі нысандар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатыр. Жаңарту көретін ғимараттардың бірі Тіленшин атындағы мектеп. 40 жылдық тарихы бар білім ошағы күрделі жөндеуден бұрын-сонды өтпеген.  Енді міне босағадан төрге дейін қалыпқа келтіріледі.

Зәмзәгүл Онайбаева, Ж.Тіленшин атындағы мектептің директоры:

Мектептің сыртын жаңартылады. Мектептің алдын абаттандыру. Сонымен қатар, акт, спорт залында күрделі жөндеу жүргізіледі. Едендері, есіктері жаңартылады. Сондай жұмыстар жүргізіледі.

Мектепте 1-11 сынып аралығында 161 оқушы оқиды. Жалпы жөндеу жұмыстарына 212 млн теңге қарастырылып отыр. Қалыпқа келтіру шаралары ғимаратты толық қамтиды. Елдімекендегі жолдар да мемлекеттік бағдарлама аясында асфальтталды.

Надежда Макендонская, ауыл тұрғыны:

Барлық күш жігерін салып жұмыс істеген азаматарды өзіміз көрдік. Су, шайын алып шығып беретінбіз. Осы жолдың қалай жасалғанына куәміз. Сондықтан оны ұқыптап ұстау керекпіз. 

Айта кетейік, 12 ауыл ішілік жолдың 7-еуі тегістелді. Оған бюджеттен 98 млн теңге бөлінді.  

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар