ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ауладағы блок бөгеттер алынды

19:29, 11 маусым 2021

Бүгін төтенше жағдайлар басқармасының мамандары арнайы рейдтік шара өткізді. Аула ішіндегі блок бөгеттер алынды. Төтеншеліктер мен жедел жәрдем бригадаларына қолайсыздық тудыратын тосқауылдарды тұрғындар өздері орнатқан. Себебі, ашық тұрған аркадан жылдамдықты асырып, балалардың өміріне қауіп төндіретіндер көбейіп кетеді,-дейді.

«Қауіпсіз аула» акциясы аясында қала ішінде жасанды бөгет орнатылған 40 мекенжай анықталған. Олардың басым бөлігі заңсыз қойылып отыр. Себебі, балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған тұрғындар бұдан басқа амалымыз қалмады,-дейді. Осы сұрақ бойынша талай мәрте әкімдікке хат жазған.

Алексей Кот, қала тұрғыны:

Иә, жедел жәрдем өте алмайтындығын білеміз. Бірақ бізде екі жақтан да кіруге болады. Біз осы жерге арнайы белгілер қойылсын деп талай мәрте әкімшілікке хат жолдадық. Бірақ, жауап жоқ. Содан кейін бөгет қоюға мәжбүр болдық.

Бірақ, блок бөгеттердің алынғандығын қолдайтындар да бар. айдаладан айналып өткенше, төтесінен тура түскен дұрыс, деп есептейді.

Гүлсара Айыпқызы, қала тұрғыны:

Проектте болған нәрсені неге жабады?! Халыққа ешқашан жақпайсың. Ашық па, жүру керек па? Жүру керек. Белгілер қойыңдар. Мысалы, Осторожно. Скорстьты ақырындатыңдар. Мүмкін бала шығып қалады. Мүмкін ана жақтан бір машина шығып қалады. Сондықтан да мен қарсы емеспін ашыла берсін.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші

Бұл бетон блоктар тұрғындар үшін қолайлы. Жүйрік көлікпен жүйткіген жүйріктерді бұл жерден өткізбейді. Ал, жедел жәрдем бригадалары мен өрт сөндіру қызметінің мамандарына қолайсыздық тудырып отыр. Себебі, қандай да бір оқыс оқиға орын ала қалған кезде бұл жерден өту мүмкін емес.

Шынымен де төтенше жағдай орын алған кезде тар көшелерге өрт сөндірушілер көлікпен өте алмайды. Мұндай бөгеттерді жол жүргу ережелеріне сай жасанды белгілермен алмастыру қажет.

Тілекжан Галямов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

Акцияның негізгі мақсаты аула ішіндегі тас бөгеттерді алып тастау. Қазіргі таңда қала ойынша 40 мекенжайжан астам осындай тас бөгеттер орнатылған. Заңсыз. Тас бөгеттердің орнына жол үстіне жасанды бөгеттерді орнатқан дұрыс болады.

Негізінде аталмыш мәселемен ТҮКШ мамандары айналысуы керек. Ал, төтеншеліктер өздеріне кедергі жасағандықтан «Қауіпсіз аула» акциясын қолға алып отыр. алдағы уақытта шаһардағы барлық бөгеттер стандартқа сай белгілерге ауыстырылатын болады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...