ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АСТЫҚТЫ АЛҚАП

20:33, 22 қыркүйек 2020

Биыл өңірде астық жинау науқаны уақытылы басталды. Өнім мол. Жылдағы норма қалыпты деңгейде. Бірақ диқандар жауын-шашынның аздығын алға тартады.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Біз қазір Ертіс ауданына қарасты Голубовка ауылындағы  " Абай" ЖШС-де тұрмыз. Биыл аталмыш аудандағы дала жұмыстары қарқынды жүршізілуде. Уақытынан кешігу жоқ. Жауын-шашынның аздығына қарамастан диқандар мол өнім аламыз деп отыр. Күніне 5% жер игеріледі. Яғни гектарына 11 тогна өнім алынады. Қазіргі таңда жоспардағы өнімнің 73%-ы жиналған. Сонымен қатар, техника тапшылығы жоқ. Күзгі жиын-терім жұмыстарына соңғы, озық үлгідегі заманауи техникалар қолданылады. Айта кету керек, аталмыш шаруа қожалығы мемлекет тарапынан ұсынылған барлық жеңілдіктерді пайдаланады. Кәсіп иесі дала жұмыстарын қыркүйек айының 25-не дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Одан кейін майды дақылдарды жинауға кіріспек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар