ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ас болсын!

13:20, 15 қыркүйек 2021

Павлодарлық студенттер қатып қалған тамақты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. Айтуларынша бұл колледж асханасындағы тегін түскі ас болса керек. Видеодағы кейіпкер тағам салынған табақты аударғанымен, ішіндегісі қозғалмайды. Әуесқой түсірілімде «Бұл муляж емес, тегін тамақ» деп кекеткен дауыстары анық естіліп тұр.

Колледж қызметкерлерінің сөзінше тағам түрі тәрелкеге ыстық күйінде салынған. Кейін суып қалған соң осындай күйге түсіпті-мыс. студенттер болса, қатып қалған тамақты видеға түсіріп қалжыңдаған болатынбыз,-деп ақталды. Ал, колледж басшылығы бұл суыған сайын қоюланатын тағам түрі,-дейді. Айта кету керек, бұған дейін тағамның сапасы мен дәміне ешқандай наразылық болмапты. 

Еркебұлан Байсалов, студент:

Ыстық күйінде бұл тағам дұрыс болатын. Бізден бұрын келетін студенттердікі болса керек. Мен тамақ ішіп болған соң қатып қалғанын көріп қалдым. Қалжыңдап видео түсіріп едік, досым оны әлеуметтік желіге салып жіберіпті.

Ринат Дүйсекенов, Павлодар қалалық монтаждау колледжі директорының міндетін атқарушы:

Ол яичневая каша деген нәрсе. Вязкость үлкен болып, сондықтан көріп тұр қатып қалған нәрсені, тарелкені аударып, комментарий істеді да. Осындай тамақты балаларды тамақ береді. Ойын ретінде.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...