ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АРНАЙЫ ЖИЫНҒА ШАҚЫРТЫЛҒАНДАР

11:11, 13 мамыр 2020

Елде карантин жарияланған кезде Президент жарлығымен арнайы жиынға шақыртылған әскери міндеттілер бірқатар қызметтер атқарып жүр. Біреулері дезинфекциялық жұмысқа жұмылдырылса, енді біреулері қоғамдық қауіпсіздікке қол ұшын береді. Ал, келесілері блок бекеттердегі тәртіпті қамтамасыз етуде. Успен ауданында әскерилер қандай қызметке тартылды?

Успен ауданында КОВИД-19-дың алдын-алуға 16 әскери міндетті азамат жұмылдырылған. Олардың алтауы қоғамдық қауіпсіздікке жауапты. 4-і ауыл ішіндегі дезинфекциялық тазалық жұмыстарына ат салысады. Ал, қалғаны блок бекеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр.

Мадияр Болатханов, 99/225 әскери бөлімше басшысының орынбасары:

Олардың жұмыс кестесі таңғы тоғыздан кешкі он сегіз отызға дейін. Бұл уақыттың ішіне түскі үзіліс те кіреді. Сапта тұрған сарбаздардың барлығы аудан орталығында, өз үйлерінде тұрады. Барлығы өз істеріне жауапты. Әр істе жауапкершілік танытады.

Аудандағы дезинфекциялық жұмыстар өте қарқынды. Оған жергілікті қазынадан 400 мың теңге қаражат бөлінген. Айта кетейік, тазалық жұмыстары тек аудан орталығында ғана емес, сонымен қатар көрсетілген кестеге сай 22 ауылдық округте де жасалады.

Сергей Саламацкий, Успен ауылының әкімі:

Дезинфекциялық жұмыстар ауылдық округтерде де жасалады. Барлығы кестеге сай жүзеге асырылады. Себебі, ауылдық жерлердің тұрғындары да қоғамдық орындарға көптеп барады.

Успен ауданында Ресейге шығатын екі шекара бар. Аудан арқылы өтетін жүк көліктерінің де нөпірі көп. Сондықтан, бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысы да қарқынды.

Мадияр Болатханов, 99/225 әскери бөлімше басшысының орынбасары:

Әскери міндетті азаматтар өздеріне жүктелген міндетке үстіртін қарамайды. Керісінше кезекшілікке шыққан сайын өзіне үлкен үміт пен сенімнің жүктелгенін сезіне біледі. Өйткені, олар бұрын әскер қатарында болған. Тәртіптің не екендігін жақсы біледі.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бұл жердегі блок бекетте екі әскери қызметкер мен бір жергілікті полиция маманы қызмет атқарады. Барлық керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар әскери міндеттілерге әлеуметтік төлем де төленеді.

Бұдан бөлек, аудан орталығындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүргендерді де тілге тиек ете кетсек. Тәртіпке жерлілікті полиция мен әскери міндеттілер жауапты. Олар екі ауысыммен жұмыс жасайды.  

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...