ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Архив саласындағы жаңашылдықтар

10:20, 15 қыркүйек 2021

Архивтік анықтамалар, құнды құжаттардың көшірмесі халық арасында сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Аталмыш сала мамандары ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам қызмет көрсеткен. Оның 11 мыңы электрондық портал арқылы. Қазіргі уақытта архив ісі саласында бірқатар жаңашылдықтар енгізіліп отыр. Олар жайлы келесі материалда.

Архив саласындағы қызметтер үш топ бойынша көрсетіледі. Бірініші, мемлекеттік қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы, екіншіден – азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы және электронды үкімет порталы арқылы. Бұның ең қолжетімдікі егов.кз сайты. Бірақ, кейбір кездері құжаттар табылмай жатқан кезде тікелей кеңсеге барғанның нәтижесі оңынан болып жатады,-дейді мамандар.

Әлия Рымжанова, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы:

Бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 11 жұмыс күнін құрайды. Осы уақытқа дейін бұл қызмет тек электрондық портал арқылы және азаматтарға арналған үкімет арқылы ғана көрсетіліп келген. Бірақ, бұл біраз қиындықтар туындатты. Өйткені ол мысалы шетелге кеткен азаматтарға қажетті архивтік анықтамалар немесе құжаттарды алдыруға сұраныс жасауға өте қиындықтар туғызды.

Иә, бұл салада да біршама қиындықтар бар. мамандардың сөзінше азаматтар тарапынан күніне 50-ден астам сұраныс келіп түседі. Олардың басым бөлігі кеңес үкіметі кезінде жұмыс істеген еңбек өтілін растауға өтінім беретін көрінеді. Бірақ, тарап кеткен кейбір мекемелер құжаттарын мұрағатқа тапсырмағандықтан сұраныс жасаған адамның сұрағы жауапсыз қалады екен. Мұндай жағдайда тек куәгерлердің көмегімен ғана мәселені шешуге болады,-дейді сала қызметкерлері.

Салтанат Сүлейменова, жеке құрам жөніндегі қалалық архивтің басшысы:

Бізде ондай құжаттың тапсырылмағандығынан сізге біз көмек көрсете алмаймыз деген анықтама береміз. Сонымен ол кісілер барып сотқа жүгінеді де потвердить трудовой стаж свидетельскими показаниями. Сонда бірге істеген екі адамды тауып, сот арқылы растап жатады.

Архивтен құнды құжаттарды сұратқан кезде толық ақпаратты көрсету керек. Айы, күні, жылы. Мүмкін болса сол іздеп отырған мекеменің атауы мен сол мезеттегі басшысы. Осындай дерек көздері арқылы сұранысқа ие құжатты оңай әрі тез табуға болады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...