ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕРГЕ ЖАСАЛҒАН ҚҰРМЕТ

11:34, 6 мамыр 2020

Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент мамандары еріктілермен бірлесе белсенді жұмыс атқарып келеді. Жеңіс күні қарсаңында алғашқы қажетті өнімдер салынған азық-түлік жиынтықтарын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне үлестірді.

Бұл мемлекеттік қызметкерлер үшін алғашқы игі іс емес. Олар бұған дейін де әлеуметтік осал топтаға адамдарға, атап айтқанда көп балалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға көмек қолын созған. Мильванов Михайл Михайлович 91 жаста. Украинада балалар үйінде тәрбиеленген. «Отан үшін» атты партизан жасағында пулеметші болған. 1984 жылға дейін 47 жыл Локомотив депосында қызмет етіп, 1989 жылы зейнетке шықты.  Екінші дарежелі Отан соғысы, «Украин партизаны» ордендерімен марапатталған.

Тоқтамыс Жұмағұлов, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы:

Ұлы Отан соғысының ардагері Мильванов Михайл Михайловичтың үйіне келіп, көмегімізді көрсеттік.  Ақсақалымыз ризашылығын білдіріп, алғысын айтуда. Дегенмен де, ол кісінің көңіл-күйі көтеріліп қалды. Алғысын білдіріп жатыр. Біздің мақсатымыз – алғыс алу емес, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету.

Өткен аптада Jas Otan жастар қанатымен бірлесіп департамент мамандары осындай азық-түлік қораптарын 15 аз қамтылған отбасыға, ал бүгін 10 отбасыға апарды.

 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...