ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Аппарат кеңесі

10:07, 15 қыркүйек 2021

Павлодар облысында жылдар бойы құрылысы аяқталмаған 26 нысан тіркелген. Олардың басым бөлігі облыс орталығында. Ғимараттың өртеуі биыл бұл қатардан шығуы тиіс. Бұл туралы аппарат кеңесінде айтылды. Тағы қандай сұрақтар талқыланды.

Халық арасында «сақалды құрылыстар» аталып кеткен нысандар  жиі сынға ұшырайды. Олар жылдар бойы қала келбетін бұзып қана қоймай, жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесін жоққа шығарады.   Қазіргі уақытта  облыс бойынша ресми түрде осындай 26 нысан бар.

Арман Бекбосынов, қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда өңірде 26 сақалды құрылыс бар. Олардың 15-і Павлодар қаласында, Екібастұзда 5, Ақсуда 6. Ғимарат иелердің бірі құрылысты аяқтау бойынша жұмыс жасап жатса, біреулері сот бойынша нысанды бұзуға, орнынан сүруді қолға алуда.

Жылдың соңына дейін 4 құрылыс нысаны сақалды құрылыс қатарынан шығады деген жоспар бар. Келер жылы бұл қатардан тағы 10 ғимарат шығарылуы мүмкін.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бірінші мәселе бойынша Павлодар, Ақсу, Екібастұз әкімдеріне мониторинг жүрнізсін. Регламент енгізссін. Абаттандыру тексерсін. Екібастұз қаласына ғимараттарға тексеріс жүргіссін. Олег Павлович бақылау сізге.

Сонымен қатар, аппарат кеңесінде тағы бір сұрақ қарастырылды. Денсаулық сақтау саласын дамытуға 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қарқынды жүзеге асып келеді. Өңірде жалпы өлім жітім 12,1 пайызды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға артқан. Өлім жітім қан айналымы, тыныс алу органдары,  онкология ауруларынан көптеп болады екен. Облыста 4 көрсеткіш бойынша индикатор орындалмаған. Жылдың соңына дейін көрсеткіштер жақсара деп күтіледі.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Туберкулезге шалдыққандар саны артып отыр. 1,9 пайызға артқан. Көрсеткішті бұл бағытта әлі де жұмыс жасау үшін ұсынып отырмыз.

Статискалық мәліметтерге сүйенсек, облыста 36 сәби өлімі тіркелді. Мәселені басқарма басшысы, емхана дәрігерлерінің соңғы жылдары коронавирусқа  басым назар аударуымен түсіндірді. Карантин күшейген кезде жүкті әйелдер өзімен өзі бақылаудан тыс қалып қойған дейді. 

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қатемен жұмыс жасау керек. Коронавирусқа қарамастан жағдайды реттеу керек еді. Ана мен баланың өлім жітімі жалпы елдегі медицинаның жағдайын, көрсеткішін көрсетеді.  

Аппарат кеңесі соңында аймақ басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бірінші қалалар мен аудандарда бірлесіп бағдарламасын іске асыру көрсекішін ерекше бақылауда ұстау. Екінші денсаулық сақтау басқармасы шаралар қабылдасын.  Келесіні тапсырамын. Шаралар қабылдансын. Екінші денсаулық сақтау басқармасы қосымша тағы да медициналық ұйымдардың қажетті ұсыныстар күтемін. Қарастыратын боламыз. 

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі
22:19, 24 қыркүйек 2021
Ынталы жастарға қолдау көрсетіледі
Толығырақ...
Той-томалақ өткізуге рұқсат етілді
18:42, 23 қыркүйек 2021
Той-томалақ өткізуге рұқсат етілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...