ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АНАНЫҢ СҮТІ – БАЛ

20:36, 23 ақпан 2021

Халқымызда «Ана сүті-қасиетті, жақсы қасиеттің бәрі балаға ана сүтімен дариды» деген тәмсіл бар. Ана сүтіне жарымаған баланың денсаулығының әлсіз болатынын дәрігерлер де мойындайды. Аталған тақырып бойынша мамандар тағы не дейді?

Нәресте үшін ананың сүтінен артық қорек жоқ.  Онда 400 түрлі дәрумен бар.  Перзентханада бұл ең жиі айтылатын сөз. Павлодар перинаталдық орталығы сәбилерге арналған ең мейірімді аурухана. Бұл мәртебені олар халықаралық деңгейде екі рет растап, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан арнайы марапат алды. Орталықта әйелдерге қойылатын алғашқы сұрақ - тамақтануға байланысты.

Татьяна Другова, № 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері:

Біз үнемі, әрбір бірнеше сағат сайын, дәрігер, емшек сүтімен айналысатын арнайы медбикелер  ананы кеуде сүтімен емізу ең жақсы нәрсе деп сендіруге тырысамыз. Біз оларды үйге қайтқанда баланы қалай тамақтандыру керектігін үйретуге тырысамыз. Көптеген аналар босану қиын процесс деген пікірде, ал біз баланы тамақтандыруды үйрену де қиын процесс дер едік. 

Әр ананың жаңа туған баласы үшін бере алатын ең бағалы сыйы – кеуде сүті. Ғалымдар ана сүтін емген бала қатерлі ісікке де 9 есе аз ұшырайтынын дәлелдеді. 

Татьяна Другова, № 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері:

Табиғаттың өзінің бергені қашан да ең пайдалы нәрсе екені ақиқат. Біріншіден, емшек сүті балаға қажеттің бәрін береді. Мысалы, егер әйел баланы мерзімінен бұрын дүниеге әкелсе, сәбиде  көптеген қоректік заттар жетіспейтін болады. Оны кеуде сүті толықтырып, баланың бейімделуіне көмектеседі. Егер әйелдің ай-күні жетіп босанса, оның сүтінің құрамы басқаша болады. Әрбір ананың сүті баласының жағдайына сай болады.

Дәрігерлер баланы 2 жыл емізу керегін, әрі 6 айға дейін басқа тағам қоспауды ескертеді.

Татьяна Другова, № 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері:

Бала кеудені емгісі келсе кез-келген уақытта бере беру керек.  Сәби бір нәрсені ұнатпай қыңқылдаса да кеудеге салған дұрыс. Баланың қашан да ана құшағына ұмтылатыны белгілі. 9 ай бойы құрсағында жатып, оның жүрек соғысын тыңдап, дауысын естіп,  қозғалысын сезді. Бала жыласа, анасы қолға алғанда-ақ тыныштала қалады. Бұл екеуінің арасындағы үзілмес байланыстың көрінісі.

Қалай болғанда да, баланы емізу не емізбеу- бұл әр әйелдің таңдауы, бірақ мамандардың кеңесіне құлақ асқан абзал. 

 

Гүлсара Мәлікова,  Вероника Вишневская

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...