ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ана мен баланың өміріне жауапты маман

18:52, 15 маусым 2021

«Ақ халатты абзал жан» айдарын жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз бала мен ананың өміріне жауапты маман Әлия Мұқышева. Дәрігердің еңбек жолы мен қызметі жайлы сюжетке назар аударыңыз.

Әлия Мұқышева  облыстық перинаталдық орталықта босану бөлімшесінің меңгеруші. Ақмола медициналық академиясында емдеу факультетін тәмәмдаған. 2001 жылы кейіпкеріміз сол кездегі облыстық босану үйіне интерн болып келген.

Әлия Мұқышева, босану бөлімшесінің меңгерушісі:

Ауыр жағдайда түскен әйелдердің өмірін сақтап қалған мамандарды көргенде осы салада  акушер-гинеколог болып қалғым келді. Дәл осы босану бөлмшесінде жұмыс жасағым келді. Сондықтан 20 жылдай уақыт бойы перинаталдық орталықтың жүрегі, яғни босану бөлімшесінде істедім.

Әлия Мендиярқызы перинаталдық технологиялар бойынша үйлестіруші болып қызмет етеді. Аудандармен жұмыс, ондағы босанатын келіншектердің жағдайын жақсы біледі. Кейде тәжірибе алмасу мақсатында елдімекендерге барып тұрады. Дәрігер қазір медицинаның әлдеқайда алға басып кеткенін мақтанышпен айтты.

Әлия Мұқышева, босану бөлімшесінің меңгерушісі:

Қазір медицина саласында жаңашылдықтар көп.  Техникалық жағынан қамтамасыз ету жақсы. Бұрын скатоскоппен босанатын әйелді тексере беретінбіз, қазір жағдай жасалған. Іштегі баланың жағдайын, салмағын біліп отырамыз.

Алайда ақ халаттының жұмыс барысында қиын сәттер де кездеседі.    

Әлия Мұқышева, босану бөлімшесінің меңгерушісі:

Бәрінен де шаршадым, кетем деген ой болған шығар.. Кейде шақалақ іште қайтыс болады, анасына қалай айтатынымызды білмейміз. Өмірді сақтап қалу үшін кейде шешім қабылдаймыз. Сол кездерде кеткім келеді. Бірақ таң ата қайта жұмысқа барамын.

Әлия Мұқышеваның жолдасы да медицина саласында қызмет етеді. Артынан ерген екі қызы бар. Олар өз кезегінде ата-анасының жауапты, әрі ауыр салада жұмыс жасайтынына әрқашан қолдау білдіреді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...