ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Желтоқсаншы Амангелді Нүкеновпен кездесу

08:52, 17 қараша 2021

Биыл – желтоқсан көтерілісіне 35 жыл. 1986-жылы Алматы қаласында студент жастар алаңға шығып кеңес биліген теңдік сұраған еді. Атаулы датаға орай Мұзафар Әлімбаев атындағы орта мектебінде желтоқсаншы Амангелді Нүкеновпен кездесу өтті.

 «Әр ұлтқа өз билігі», «Далой, Колбин!». Желтоқсан айының ызғарлы аязында студент жастар осындай ұранмен алаңға жиналды. Бірақ, олар түгелдей қуғынға ұшырады, оқудан шығарылды, жатаханадан қуылды, тергеліп, сотталды. Әрине, ол уақытта партияның саясатынан тыс митинг ұйымдастыру мүмкін емес жағдай еді. Алматыдағы оқиға түрткі болғандықтан, ақмолалық студенттер де бас көтеруге бел шешіп кіріседі. Алайда, аңдушылар алдарын алып, тоқтау салған.

Амангелді Нүкенов, желтоқсаншы:

Біз білдік. Алматыда соттарды көрсетті уже. Қаншама жыл беріп жатыр. Атуға да кесті балаларды. Сонда біздің уақытымызды түгел біліп алыпты.

Амангелді Теміршотұлы Ақмоладағы қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болды. Сол үшін оның үстінен «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «ұлтаралық араздық тудыру» баптары бойынша іс қозғалған.

Амангелді Нүкенов, желтоқсаншы:

Сол статьямен іс шығарды. Сот болды. Целиноград сотының төрағасы бәрін шақырып үкім қылды. Сот шешімі бойынша үш жыл берді.

Аменгелді Теміршолұлы жаза мерзімінің аяқталуына 3 айдай уақыт қалғанда ақталып шыққан. Кездесу барысында сол кезеңнің қилы жағдайлары, Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жайлы кеңғінен айтылды.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...