ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА

22:01, 25 ақпан 2021

Наурыз айының 1-ші жұлдызы Қазақстанда алғыс айту күні тойланады. Елдегі этнос өкілдері бір-біріне алғыс айтып, ақ тілектерін арнайды. Бүл айтулы дата тегіннен-тегін таңдалып алынған жоқ. Дәл осы күні Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Мерекені тойлау идеясын 2015 жылдың сәуіріндіге Қазақстан халқы ассамблеясының 22-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Келесі сюжетте депортация жылдары Қазақстанға қоныс аударған адам туралы баяндайтын боламыз. Бүгінде ол кісінің өмірі мен жинақтаған жәдіргерлері жайлы білмейтін адам кемде-кем.

Наум Григорьевич Шафер 1931 жылдың 13-ші қаңтарында Кишинёв қаласында дүниеге келген. 1941 жылы оны отбасымен бірге Ақмола облысына депортациялаған. Сол жерде орта мектепті тәмамдап, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Студенттік жылдары Наум Шафер танымал композитор Евгений Брусиловскийден сабақ алған. Естен кетпес естелікке айналған жалынды жылдарды былай еске алады.

Наум Шафер, композитор:

Мен Исаак Дунаевскийдің хаттарын оқи бастағанда өзіме сабақ берген Евгений Брусиловскиймен таныстым. Музыкалық туындылар оны тек жақсы-жаман деп екіге бөлу керектігін үйретті. Брусиловский де дәл солай дейтін. Мұның барлығы біздің қолымыздағы әуендерге қатысты. Мысалы, әннің мәтіні жақсы болса, музыкасы нашар немесе мәтіні нашар да әуені әрлі болуы мүмкін.

Наум Григорьевичтің алтын қорында 27 мыңнан астам күй табақтар сақталған. Ол жәдігерлерді жинауды отбасы Қазақстанға депортацияланған уақыттан бастаған. Сол кезеңдегі 30 пластинка оның өмірінде ерекше рөлге ие. Сонымен қатарқ қазақ музыкасының фонотекасын да тілге тиек еткен жөн. Наум Грегорьевич Шафер өзінің Қазақстанға деген сүйіспеншілігі мен махаббат еш жасырмайды. Тіпті мұні сөзбен де іспен де дәлелдеп келеді. 

Наум Шафер, композитор:

Қазақстан маған барлық жақсылығын берді. Мен қалайша оған риза болмаймсын? Ең бастысы мен дәл осы Қазақстанда құлашымды кең сермедім, шығармашылыққа қадам бастым, арманыма қол жеткіздім. Сондықтан мен Қазақстан үшін жанымды беруге дайынмын. Менің туысқандарын жер шарын шарлап кеткеніне қарамастан мен осында қалдым. Бұл да бір бақыт емес пе?!

Наум Григорьевич – нағыз патриот. Ол бұл елдің жерін, өзен-көлін, қыратты белін, кеңпейіл халқын, бұзылмас қалпын қадір тұтады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Ринат Абдулкаюмов

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...