ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

«Алашордалықтар» муралы ашылды

10:42, 20 қазан 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар педагогикалық университеті студенттер жатақханасының қасбетінде «Алаш» партиясының жетекшілеріне арналған мурал ашылды. Тәрбиелік, идеологиялық тұрғыдан маңызы зор шараға барып келген тілшміз толығырақ тарқатсын.

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз». Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы қанатты сөздері бүгін ашылған муралға жазылған. Онда қазақтың алашорда азаматтары Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытовтың суреттері бейнелеген.

Арман Қани, ақын:

Мына ашылған мурал өнер туындысы ғана емес, идеологиялық маңызы бар құрал болып табыалды. Облс орталығында ашылуы дұрыс заңды да. Өйткені олар бір кезде облыс орталығна әрекет жасағна болатын.

Университеттің өкілдері мурал – қазақтың тәуелсіздігін армандаған  ұлы адамдарға деген құрмет деп біледі. Бұл оқиға университет үшін де, жалпы қала үшін де үлкен маңызға ие. Осында оқып жатқан студенттер де енді тарихқа бір қадам жақынырақ бола түспек.

Жарқынбек Амантайұлы, жазушылар одағы төрағасы:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасалған үлкен тарту. Расымен азаматтарға алғыс айтамыз. Бқрын соңды бізде болмаған. Тәрбиелік, идеологиялық тұрғыдан алсақ та бұл аса маңызды.

Алашоралықтар бостандық таңы үшін күресті. Сүрінді, құлады бірақ асқақ арман орындалды.

Елдің егемендігі мен бостандығы үшін күрескен алашордалықтар тарихтың беттерінен өшпейді. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.

 

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...