ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АҚЫННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ

11:47, 13 мамыр 2020

Пандемияға байланысты еліміз көлемінде аталып өтуі тиіс мерейтойлардың өткізілу форматын өзгерістер енді. Солардың қатарында Ұлы Абайдың 175-жылдығы да бар. Қазір іс шаралар мәдени ошақтарда өткізілмегенімен, әлеуметтік желіде белсенді жүріп жатыр. Абайдың мұрасы осылайша ұлықталып, дәріптелуде.

Бұл Ақсу тарихи өлкетану музейіндегі Абайдың 175-жылдығына орай ұйымдастырылған көрме. Келушілер «Абайға тағылым» жобасы аясында ұсынылған түрлі кітаптар, құнды тарихи жәдігерлермен онлайн түрде таныса алады.

Гүлжанар Ақшолақова, Ақсу тарихи-өлкетану музейінің басшысы:

Сол жоба бойынша музейіміз керемет керемет экспонаттарға толды. Қарап тұрсаңыздар мына кестеленген Абайдың портретін бізге  қолшеберіміз Ширина Ольга   тапсырды және де мына кілемшені көріп тұрсаңыздар ол нақты Абайдың 150-жылдығы тойланғанда біздің аймағымызға табыстаған екен.

Ал, Ақсу орталықтандырылған кітапханасының инстаграм желісіндегі ресми парақшасында Абайдың 175-жылдығына орай «Ауыл Абайды оқиды» жобасы қолға алынған. Ауылдық аймақ тұрғындарының ұлы ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқыған бейнесі осы жерде жарияланып  тұрады.

Роза Зингер,  Ақсу орталықтандырылған кітапханасының директоры:

Жылдық жоспарға сәйкес барлық шаралар жалғасуда, тек форматы өзгертілді. Абайдың 175-жылдығына орай жыл басынан бері «Ауыл Абайды  оқиды» жобасы қолға алынды. Яғни ауыл тұрғындары Абайдың өлеңін, қара сөзін оқып жатқан бейнелер инстаграм желісіне салынады. Жыл соңында олардың бәрін жинақтап, бейнефильм дайындау жоспарда бар.

Осылайша, Абайды ауыл болып, ел болып оқып жатыр. Оның қазаққа қалдырған мол мұрасымен танысып, өсиеттері ұрпақ санасына сіңіріп жатыр. Себебі, Абай дана, Абай дара қазақта.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...