ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ақтоғайда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

22:19, 8 маусым 2021

Биыл Ақтоғай ауданында аудандық маңызы бар 33 шақырым автожол жөндеуден өткен. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында аудан орталығында саябақ салынып жатыр. Абаттандыру жұмыстарына жұмсалатын қаражат мемлекеттік бюджеттен және демеушілердің көмегімен іске асуда.

Автожолдардың сапасы ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселелердің бірі. Ақтоғай, Харьков және Қара-Абзал ауылдарында биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 12,5 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. Бұл жұмыстарға 413 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Серік Байбосынов, Ақтоғай аудандық нақты экономика секторы бөлімінің басшысы:

Ресайклинг әдісімен қалыңдығы 15 см жол төселді. Оның үстінен 5 см асфальтпен жабылды. Жөндеу жұмыстарын "Аза" ЖШС жүргізді.

Автожолдың жөндеуден өткен уческесіне арнайы жарық шағылыстыратын белгілер салынды. Жол жабындысын жаңарту - елдімекен тұрғындарына қоысмша табыс табуға да мүмкіндік берді. Мәселен, жөндеу жұмыстарына ауданнан 5 адам жұмылдырылған.

Серік Байбосынов, Ақтоғай аудандық нақты экономика секторы бөлімінің басшысы:

Биыл Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 20 шақырымын, 91-ден 111-км дейін орташа жөндеу жүргіземіз. Біз Разумовка-Басқамыс аудандық маңызы бар жолының 15 шақырымында да жұмыстар жүргіземіз. Жоба дайын тұр.

Сондай-ақ, аудан орталығында жаңа саябақ ашылды. Бұнда 68 жас шырша отырғызылған. Көшеттер Қатонқарағай орманшылығынан әкелінген.

Бақтияр Әбдірахманов, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған саябақ ашып отырмыз. Бұл саябақтың ерекшелігі – мына саябақта көбінесе спонсорлық қаражатқа жасалып жатқан саябақ.

Жоспарға сәйкес, саябақтың ортасында субұрқақ орналасатын болады. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, балалар алаңы және жаңа футбол алаңы да орнатылмақ. Жергілікті билік абаттандыру жұмыстарын шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Мөлдір Бультекова

 

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...