ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ақтоғай ауданында азық-түлік бағасы тұрақты

18:24, 28 қаңтар 2022

Ақтоғай ауданында азық-түлік бағасы тұрақты. Әлеуметтік маңыз бар тауарлар тұрғындарға қолжетімді бағада сатылып жатыр. Біздің түсіріліп топ елдімекендегі дүкендерді аралап қайтты.

Ауданда және оған қарасты елді-мекенде 79 азық түлік дүкені бар, оның 7-уі халыққа әлеуметтік бағада қызмет көрсетеді. Мәселен, аудан орталығындағы бұл әлеуметтік дүкен 20 жылға жуық қызмет жасап тұр.

Анаргүл Хамитова, кәсіпкер:

Ешқандай жалобы жоқ. Бағаны орынша ұстаймыз. Қант 260 теңгеден, күріш 258 теңгеден, нан 110 теңгеден, жұмыртқа 330 теңгеден, 10 % кейде 5% қосамыз. Өзіміз барып әкелеміз.

Нұрсұлтан Жылқыбаев, Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Тексеретін бағаны қараймыз негізсіз өсуіне жол бермей үшін. Үстемақы 15%  аспауы қажет.Кәсіпкерлер біледі, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік дүкендерге Павлодар облысы тұрақтандыру қорымен келісімшарта отырып,азық түлік өнімдері арзан бағамен іске асырылуда.

Тұрақтандыру қорынан жеткізілген өнімдерге қосылатын үстемақы 15%-дан аспайды. Аудандағы арнайы мамандар әр апта сайын әлеуметтік дүкендерді аралап мониторинг жүргізеді. Бағаны бірқалыпты ұстау үшін түсіндірме жұмыстары да іске асырылады. Жалпы халық күнделікті күнге қажет, маңызды өнімдердің бағасы қолжетімді дейді.

Мейрам Абисинов, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

Үш магазин бар кішкене арзандады. Бұрынғыдай емес, Ризабек,Достық деген магазиндер. Кейбірінде бір қалыпты тұр. Енді біз ойлаймыз бірте-бірте орнынакелетін шағар деп. Құдайға шүкір өміріміз жаман емес.

Мадияр Әкімжанов, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

Қаланың бағасымен бірдей болғандықтан мен неге қалаға барамын. Бәрі жақсы. Осы Дархан, Ризабек, арман дүкендерінен аламыз. Кейбір жерде бар қымбат дүкендер, но әлеуметтік магазиндерден аламыз.

Елдімекенде көкөніс өсіретін кәсіпорын мен бірнеше наубайхана жұмыс істеп тұр. Сол себепті ауданда нан, картоп, сәбіздің құны халық талабына сай. 

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...