ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АЙМАҚТА КҮН ЫСИДЫ

22:49, 3 тамыз 2020

«Казгидромет» орталығының синоптиктерінің болжамы бойынша, облысымызда ауа температусының 35 градусқа дейін көтеріледі. Күн жауын-шашынсыз, аспанда аздаған бұлт басады. Бұндай температура осы аптаның соңына дейін жағасады, дейді мамандар.

Алдағы күндері ауа райы Сібір антициклонының құрсауында болады. Соның салдарынан еліміздің бірқатар аумағында ауа температурасы жоғарылайды. Соңғы 1-2 күнде облысымызда аздаған бұлт шығып, ауа температурасы +29, +32 градусқа дейін жетті. Аптаның соңына дейін сынап бағанасы +30+32 градусты көрсететін болады.  

Наталья Седелева, «Қазгидромет» МКК ПОФ инженер-синоптигі:

Ертең де осындай температура жалғасады.   Жауын-шашынсыз, аздаған бұлт болады. Ауа температурасы 30-32 градус сақталады. Қатты ыстық болмайды.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар