ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

13:40, 28 қаңтар 2022

Биыл ұлт көсемі, Алаш қайраткері, ақын, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай қалалық номері 45 балабақша тәрбиешілер арасында сайыс өтті. Шара мақсаты ғұлама ғалымның өмірі мен шығармашығын кеңінен насихаттау.

Сайысқа номері 17-ші, 93-ші және 45-ші балабақшаның тәрбиешілері қатысты. Жиыны 10 тәлімгер алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, сондай-ақ, Ахмет шығармашылығына құрылған шағын көрініс қойып сайысқа түсті. Шара мақсаты ұлт көсемі, ғұлама ғалымның шығармашығыны жастар арасына кеңінен насихаттау. Әрі қазіргі уақыттағы рухани жаңғыру үрдісіне ат салысу.

Әсемгүл Мұқашова, № 45 балабақшаның әдіскері:

Елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі тарихымыздың сан қырын объективті түрде дұрыс бағалуға жағдай жасайды. Ұлттық педагогиканың ғасыр бойы жинаған тәжірибесі бүгінгі тәрбиеге де қажет екен анық. Осыған орай шараның мақсаты Ахмет байтұрсынұлының шығармаларын мектепке дейінгі ұйымдар аарсында да танымал ету.

Ақын адамгершілік, ұлтты сүю,  жанашырлық пен қамқорлық сияқты адами қасиетті жыр етіп қана қоймай, оны өмірінде ту еткені де белгілі. Осы тұрғыда қайраткердің қай туындысы да үлгі мен өнегеге толы. Туған халқын маса болып оятқан ғұлама өлеңдерінің балаларға берері ұшан -теңіз дейді сайысқа қатысушы тәрбиешілер.

Бақытгүл Жұмабай, №93 балабақшаның тәрбиешісі:

Біз мысалы балақшада жұмыс істегендіктен, ол кісінің баларға арналған өлеңдері де бар. Мысалы, көбінесе балбақшадан мектеп шақырады. О өлеңдерді балабақшаларда қолданамыз.

Қала бойыша барлық балабақшаларда сайысты ұйымдастыру көзделген. Осылайша Алаш қайраткерінің есімім мен өмір тарихы, тұлғалық бейнесі көпшілік арасына кеңінен насихатталмақ.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...