ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

АБАҚТЫДА БЕТ ПЕРДЕ ТІГІП ЖАТЫР

11:07, 27 наурыз 2020

Облыс аумағындағы түзеу мекемелері жанындағы өндірістік базалар жаппай үш ауысыммен жұмыс істеуге көшті. Олар маска тігеді. Күніне 6 мың бетперде әзірлейді. Алғашқы партиясы облыстық полиция департаментіне жіберілді.

Елдегі түзеу мекемелерінде бет перде тігуді жөніндегі тапсырманы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі берген. Қазір тігін цехтарында жұмыс істейтін 100-ге тарта жазасын өтеушілер арнайы киімдермен жабдықталды. Медициналық бетперде арнайы үлгі бойынша, бірнеше мәрте қолдануға болатын матадан тігіледі.  Жұмыс орындары күніне үш мәрте дезинфекцияланады.

Мұхтар Сейітахметов, АП-162/4 түзеу мекемесі басшысының орынбасары:

Жұмысқа шығар кезде медициналық-санитарлық бөлімшеде  әрбір  жазасын өтеушінің денсаулығы  тексеріледі. Тігін цехына күніне екі-үш  рет  тазалық шаралары жүргізіледі. Бір  ауысымда әр жазасын өтеуші   500-600 –ге тарта маска тігеді.  Атқарған жұмыстарына қарай оларға жалақы төленеді.

Түзеу мекемелеріндегі өндірістік базалар тиісті сертификатты алған. Сотталғандар да бұл жағдайға түсіністікпен қарап, күнделікті тапсырысты орындауға тырысады.

Жазасын өтеуші:

Мен бетпердені қуана-қуана тігемін. Өйткені, бостандықта менің де жақын жандарым бар. Солар үшін де уайымдаймын.

Өңірде АП-162/2, АП-162/3, АП-162/4 мекемелеріндегі тігін цехтары ауыспалы жұмыс кестесіне көшкен. Онда жұмыс істейтін жүзден аса жазасын өтеушілер бүгінгі күннің өзінде 17 мыңнан аса маска дайындап қойған. Алғашқы партиясы полиция департаментіне жөнелтілді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...