ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Абай еліне сапар

20:55, 26 қараша 2021

Керекулік әжелер Абай еліне сапарлап қайтты. Мәдени-рухани сапар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, Елтану жобасы бойынша ұйымдастырылып отыр. Қасиетті Семей өлкесі, Абай елі қай уақытта да әр қазақты өзіне тартады. Танымдық экспидиция құраманды болып қайтқан тілшіміз Жанасыл Серікбол баяндасын.

Биыл Ел тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Осы мерейлі датаға «Нұр ана әлемі» ҚБ-нін 30 жылдығы да түспа-тұс келіп отыр. Осынау шараға орай бірлестікке мүше ақ жаулықты әжелер Абай еліне мәдени-рухани сапар жасауды жөн көрген. Әжелер әуелі Семей қаласындағы Абай музейін аралады. Осында сақтаулы мәдени-тарихи жәдігерлермен танысты. Абай музейі елеміздегі бірегей тарихи-мәдени кешен. Бүгінге дейін қорына 20 мың жәдігер жиналған.

Жанасыл Серікбол, тілші:

Абай музейіндегі жәдігерлер тарихы 1880 жылдардан басталады. Мәселен мына жерде тұрған шопар, айбалта, құтыны 1883 жылы қуғындағы досы Долгополовқа Абай өз қолымен табыстаған екен.

Музей жалпы 10 залдан тұрады. Қазақ халқының ежелгі дәуірдегі тыныс-тіршілігі, тұтынған бұйымдары, зергерлік өнері мен ән мұрасына қатысты жәдігерлермен танысуға болады.

Нұрша Нұрғалиева, «Нұр ана әлемі» ҚБ мүшесі:

Абай жолын оқысақ та.... айтып беруге тырысамыз.

Қатима Қарағожина, Ақтоғай аудандық «Нұр ана әлемі» ҚБ төрайымы:

Абай атамыздың мұражайына келіп, жақсы бір әсер алып жатырмыз. Ақтоғайда Абай атында мектеп бар. 175 жылдық мерейтойының барлық іс-шараларына қатысқанбыз.

Сапар барысында Семей қаласындағы Абай ескерткішіне де гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Асқақ мүсінің алдында ғұламаның әндерді шырқалып, өлеңдері оқылды.

Қайырлы Жақсыбаева, «Нұр ана әлемі» ҚБ мүшесі:

Қуанышты болып жатырмыз. Абай данагөй, дара тұлға. Ары қарай дәріптеу біздің ұрпақтарымыздың қолында.

Керекулік әжелер Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты, «Зере әженің жолымен» атты ертегі айту жобасын іске асырған еді. Бүгінде онымен әрмен қарай жалғастыру жоспарлануда. Семей еліне сапар алдағы үлкен жұмыстарға дайындық деп отыр әжелер.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...