ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Абай болыңыз, кибералаяқтар!

22:59, 21 қазан 2021

Пандемия өршіп, бәрімізді үйге қамаған кезде ғаламтор ең жақын досымыз болып кетті. Бұл ретте ақша тауып, жағдайын жақсартқысы келетіндер де қаптады. Мәселен, жыл басынан елімізде 17 мың интернет алаяқтық тіркелген. Кибералаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

Жаһандану заманымен келген интернеттің дамыған уақытында онымен ақша тапқысы келетіндер көбейді. Заңсыз біреудің банк есепшотын иеленіп, оны тонап кету көбейді.

Толқын Нұрмахин, «ҚР қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі» ӨӨБ басшысы:

Қазіргі таңда алаяқтардың саны артып кетті. Басым бөлігі осы ғаламторда. Тұрғындарға банктенбіз деп хабарласатындар көп. Жеке мәліметтерді сұрап жатады. Біріншіден, банктер ешқашан өздері қоңырау шалмайды. Сондықтан мұндай жағдайда өз картаңызды бұғаттап, банкке жүгіну керек.   

Жыл басынан бері Павлодарда интернет алаяқтақтың 704 фактісі тіркелген, оның 356-сы ашылды. Кибералаяқтарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы бойынша 5 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Статистика бойынша, аляқтарға көбінесе егде жастағы адамдар құрбан болып жатады. Себебі, олар интернетті емін еркін пайдаланбайды, түсінбейді.

Павел Павлов, криминалды  полиция бөлімінің бастығы:

Банк қызметкеріміз деп хабарласқан кезде жеке мәліметтерді бермеу керек. Банкке қатысты қандай да бір сұрақ туындаса бірден банктің өзіне барыңыз. Алаяқтардың айтқан сөзіне сеніп, құрбаны болып қалмаңыз. Карта нөмірі, ПИН кодтарды ешкімге айтпаңыз.   

Елімізде әрбір төртінші қылмыс – алаяқтық. Сондықтан барынша абай болып, өзіңізді алдауға мүмкіндік бермеңіз. 

 

Самал Қалиқызы, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...