ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

855 жер теліміне жеке тұрғын үй салынбақ

22:08, 17 мамыр 2022

Павлодарда қаланың бас жоспарына сәйкес бірнеше бағбандық жеке тұрғын үйлер салу аумағына айналмақ. Мәселен, «Қарағайлы орман» бағбандығында жаңа мектеп пен балабақша құрылыс жоспарланып отыр. Тиісті мекеме өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс 2019 -жылы басталған.

2015 жылы Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінде қаланың бас жоспарын түзету енгізіліп, 2018- жылы бекітілді. Соған сәйкес «Қарағай орманы», «Көктем», «Ертіс» бағбандықтарындағы  саяжай телімдеріне жеке тұрғын үй құрылысын салу жоспары көзделеді. Спикердің сөзінше, 2019 жылы Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу басталып, қоғамдық талқылау өткізілген.

Нариман Қайырленов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

2020-жылы наурыз айында «Қарағайлы орман», «Ертіс», «Көктем» бағбандықтарын жоспарлау жобасы бекітілді. Іске асыру мерзімі 2032 жылға дейін. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бағбаншылықтағы 855 телімі жеке тұрғын үй құрылысы мәртебесіне ауыстыру көзделген. Сондай-ақ, 1200 орындық мектеп және 240 орындық балабақша құрылысы қарастырылған.

Осылайша бұл аумақтардан мектеп құрылысы үшін 26, балабақшаның құрылысы үшін 14 жер жер телімі мемлекеттің қажеттілігі үшін алынады. Жер учаскесін алу нарықтық құнын өтеумен жүргізілетін болады.

Сапарбек Айтпаев, қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

Жер телімдерінің бағасын Тәуелсіз бағалаушылар қоятын болады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде қазіргі уақытта әтуелсіз бағалушылар да белгілі. Енді бақбандықтардың инженерлік-коммуналдық жүйесіне қаржы бөлінген соң бағалу басталады.

Жеке  тұрғын үй құрылысына ауысатын жер телімі мәселесі алдағы уақытта пысықталатын болады. Айта кетерлігі, дәліздерді кеңейту үшін әр жер теліменен 2 ден 3 метрге дейінгі жер мемелкетке алынатын болады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар