ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

7 мамыр – отан қорғаушылар күні

12:38, 7 мамыр 2022

Екіжылдық үзілістен кейін мәдени шаралар, әскери спорттық жарыстар өткізіле бастады. Осы орайда Железин ауданында мереке қарсаңында ауқымды шара ұйымдастырылды. Әскери техника мен ішкі істер саласы қолданатын қорғаныс құралдарының көрсетілімі де болды.

Железин ауданында Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінің 30 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай  мәдени шара ұйымдастырылды. Алдымен аудан басшысы сөз алып, жерлестерін мерекемен құттықтады.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі:

Біздің көптеген жерлестеріміз еліміздің шекарасының бүтіндігі жолында азаматтық борышын өтеп келеді. Соңымыздан ерген жастарымызға Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келуге тілектестік білдіреміз.

Шекара шебінде тұрып, елімізді сыртқы жаудан, ішкі даудан қорғап, сіз бен біздің ұйқымыздың алаңсыз болуын осы ҚР Қарулы күштері  күзетіп отыр.

Тимур Сейітқұлов, Железин ауданы қорғаныс бөлімінің бастығы:

ҚР Қарулы күштерінің 30  жылдығы тойланып жатыр. ҚР азаматтарын әскери  жігіттерді, өзіміздің жігіттерді  толағай табыстар тілеймін.

Отан қорғаушыллар күніне арналған шара әскери-спорттық сайыспен жалғасты. Оған аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Ал, көрермендер екіжылдық індеттен кейін ауқымды мәдени шараларды, парадтарды асыға күткенін айтады.

Диана Капасова, Железин мектебінің 11-сынып оқушысы:

Бүгін біз 7 мамыр мерекесіне жиналдық. Өткен жылы пандемияға байланысты бұл шаралар ұйымдастырылмады. Енді міне қайта кездесуге, концерт, түрлі жарыстарды көруге мүмкіндік алдық.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, өртке қарсы қызметтің және полиция бөлімі қызметкерлерінің құралдары көрсетілді.  

Бұдан бөлек, шара барысында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар