ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

67 мұз айдыны ашылады

16:51, 2 желтоқсан 2021

Биыл Павлодар қаласының тұрғындарына қанша хоккей корты қызмет етеді? Мұз айдындарын дайындау жұмыстары қалай жүруде? Желтоқсан келді, аяз түсті. Коньиін сайлап, осы маусымды күтіп отырған тұрғындар саны аз емес. Келесі бейнематериалдан тамашалаңыздар!

Биыл Павлодар қаласы бойынша 67 мұз айдыны сырғанау маусымына дайындалуда. Олардың 25-і тұрғынүй аулаларында болса, қалға 42-сі жалпыбілім беру мектептерінің аумақтарында орналасқан. Тағы 10 мұз айдыны ауылдық аумақтарда іске қосылады деп жоспарлануда.

Руслан Даутеков, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

Қазіргі уақытта мұз айдындарының 40 проценті дайын. Тек оңтайлы ауа райы күтілуде. Ол минус 10 мен 15 аралығы. 15 -желтоқсанға дейін мұз айдындарын іске қосудың бірінші кезеңі толық ақталады.

Сауда ойын-сауық орталықтарының маңында, сондай-ақ, аулаларда жеке меншік мұз айдындары да қызмет етуге кірісуде. Сондай-ақ, тұрғындар өз бастамасымен де мұз айдындарын жасауда.

Руслан Даутеков, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

Қалалық спорт бөлімі 24 мұз айдынын дайындаумен айналысады. Мектеп ауларындағы мұз айдындарының дайындығымен мектеп әкімшілігі айналысады….администрация школы.

Алаңды сумен толтырып, оны мұз айдынан айналдыру оңай емес. Әр қайсысына 100 тоннадан астам су қажет. Десе де, мамандар алдағы бір аптаның ішінде мұз айдындары дайын болып қалады деп отыр.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...