ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

6 ЖЫЛДАН БЕРІ АЯҚТАЛМАҒАН КӨПІРГЕ ҚАРАЖАТ ЖЕТПЕЙ ТҰР

19:21, 4 мамыр 2021

Ал, Павлодарда құрылысы аяқсыз қалған республикалық маңызы бар көпірдің жыры жылдарға созылды. Мердігер бұған қаражаттың жоқтығы себеп,-дейді. Жобалаушылардың қателігінен жұмыс жалғаспай тұр. Құрылысшылар да қол қусырып қалған көрінеді. Жалпы республикалық маңыздағы көлік дәлізін толығымен аяқтау үшін шамамен тағы 5 млрд теңге керек.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бұл – менің артымдағы павлодар мен шырайлы шығыс өңірін жалғайтын көпірдің құрылысы 2015-ші жылы басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жалғастыруға қаражаттың жоқтығы тұсау болып тұр,-дейді мердігерлер. Ал, Ақсу мен Облыс орталығы арасында қатынайтын жолаушылар әзірге Кенжекөл ауылы маңын айналып өтуге мәжбүр болып отыр.

Бұл республикалық маңызы бар жолдардың түйіскен жері. Аты дүркіреп тұрғанымен, заты қауіпсіздікке сай болмай тұр.

Еркеғали Жанғазы, мониторингтік топ мүшесі:

Қарап отырсаңыздар мына жақтан былай айнаудың өзі көзге де теріс көрінетін. Бітпей қалған. Мына жерде шаңның өзі мына тас төселмеген бөгет жасап бір ыңғайсыздық және қаланың түрін де бұзды ғой.

Қазіргі таңда жобаға бірқатар өзгертулер енгізіліп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Биылғы жылға 1 млрд теңге қаражат қарастырылған. Көпір құрылысында өрескел қателіктерге жол берілгендігі заң жүзінде дәлелденіпті.

Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ  Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары:

Жоба құжаттарында қателіктер болды. әрбір жұмыстар жобаны ішіне кіргізбеген. Мына асфльт салу жұмыстары салынбаған. Есептелмеген, бір шақырым көпірдің астыңғы биіктігі дұрыстау емес. 3-ақ метр. Үлкен машиналар өте алмайтындай қылып жасалған.

Қазавтожол биыл ұзаққа созылған құрылысты толық аяқтаймыз деп отыр.

Ренат Гадельшин, «Павлодар жолдары» ЖШС өкілі:

Алты жылдан соң 1 млрд 8 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл көпірді толық аяқтауға 5 млн-ға жуық қаражат керек. Менде қазір ондай ақша жоқ. Осы жұмыстарды жылдамдатыр жіберсе жақсы болар еді.

Көпір құрылысы 11 млрд теңгеге бағаланған. Оның 6 млрд-ы игерілген. Ал, қалғаны республикалық бюджеттен қашан бөлінері белгісіз. Жалпы үлкен көлік дәлізін толықтай аяқтау үшін 4 млрд 800 миллион теңге қажет екен.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...