ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

500-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

19:51, 22 ақпан 2021

Бүгінде еліміз бойынша тұрғын үй мәселесін шешу үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жұмыстар атқарылуда. Мәселен, облыс бойынша 5-10-20 бағдарламасы аясында 500 ге жуық отбасы баспанаға қол жеткізген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кезегі мәселелесін шешу үшін Үкіметке "5-10-20" бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Осы ретте тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің базасында "Отбасы банкі" атты толыққанды институты құрылды.  

Алтынбек Шайдуллин, «Отбасы банкі» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы:

Жалпы отбасы банкі арқылы тұрғын үй алуыдың бірнеше жолдары және де бағдарламалардың көптеген түрлері бар. Соның ішінде банктің нарықтық өнімдері «тұрғын үй заемы» деп аталады. Осы тұрғын үй заемын алу үшін адамдар 3 талапты орындауы керек. Ең алдымен жинақтау шотының болуы шарт. Осы жинақтау шотында кем дегенде үш жыл жинау керек. Бірінші шарты. Екінші шарты сол қаражаттың соммасы несие сомасының 50 пайызын құрау керек. Және де үшінші шарт ол бағалау көрсеткіші 16 дан кем болмауы керек.

«Отбасы банкі» мемлекеттік бағдарламалардың ең негізгі және басты индикаторлардың бірі болып табылады. Мұнда «Бақытты отбасы», «Шаңырақ яғни бес он жиырма» және Нұрлы жер деп аталатын үш негізгі бағдарлама бар. Бастысы азаматтардың  жергілікті атқарушы органдарда үй кезегінде тұруы шарт. «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы жанұялар тұрғын үй алуға қатыса алады.

Алтынбек Шайдуллин, «Отбасы банкі» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы:

Бақытты отбасы бойынша несие алатын азамат азаматшалар олар жаңағындай үш категорияға кіруі керек. Біріншіден көп балалы отбасы болуы керек. Егер төрт баладан жоғары балалары болатын болса жанұяда онда ол кісілер осы бақытты отбасы бағдарламасы арқылы несиелік өтінім беріп екі пайыздық жылдық үстемақымен несие алуына толықтай мүмкіндігі бар.

Мамандардың айтуынша «Шаңырақ»  бағдарламасына  облыста өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 17 тамызанан  бастап жүргізіліп жатыр.  2020 жылдың 31 желтоқсанындағы деректерге сәйкес «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 640 қа жуық өтінімдер қарастырылып,  Соның ішінде 500 ге жуық өтінім оң шешімін тауып  мақұлданған. Яғни осынша отбасы баспаналы болды.

 

Гауһар Мұса

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...