
Кеше Павлодар қаласындағы облыстық сот ғимаратына, сонымен қатар, Ақтоғай, Аққулы және май ауданындағы сот ғимараттарына жарылғыш зат қойылды деген хабар тарады. Абырой болғанда хабарлама жалған болып шықты. Ал, осындай жалған хабарлама жібергендерге қандай жаза қолданылады.
Кеше Павлодар қаласында сағат 14.53-те Павлодар облыстық сотының электрондық мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осыған ұқсас хабарламалар Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтоғай, Май аудандары мен Аққулы ауданының соттарына да келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың барлық күштері дереу келді. Сол жерде саперлер жұмыс істеді. Ғимаратқа тексеру жүргізілді.
Рашад Утеуов, ПД бастығының орынбасары:
Жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Жарылғыш зат анықталмады. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Айта кетейік, терроризм актілері туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Самал Қалиқызы