ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

4 отбасы баспаналы болды

18:43, 19 қараша 2021

Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында 4 отбасы баспаналы болды. Үйлер «Нұрлы жер мемелкеттік бағдарламасы аясында бой көтеріп салынды. Бүгін салтанатты рәсімге тұрғындарға баспана кілттері табысталды.

Гүлжиян Сәдуақасова Кемеңгер ауылындағы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Екі баласы бар. Баспана кезегінде 10 жыл тұрыпты. Бүгін міне көптен күткен күнге жетіп, пәтер кілтін алуған келіпті.

Гүлжиян Сәдуақасова, Кемеңгер ауылының тұрғыны:

Бәрі ұнап тұр, Рахмет басында айтқанда көзіме жас та алдым. Сөзім де жоқ. Бұрын пәтер жалдап жүрдік. Енді міне үйлі болды.

Осылайша, Кемеңгер ауылында 4 отбасы бүгін су жаңа баспананың кілттеріне ие болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік 2 пәтерлі екі үй салынған. Тұрғындарды құттықтауға аудан әкімі де келді. 

Ержан Имансләм, Павлодар ауданының әкімі:

Тұңғыш Президент күні қарсаңында міне бізде қуанышты жаңалық. Жаңа пәтерлердің кілтін бергелі тұрмыз.  Үй мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Қоныс аударушыларды құттықтаймыз.

Баспаналы болғандардың қатарында жылдар бойы кезекте тұрған көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар болды. Айта кетейік, жылдың соңына дейін ауданда тағы 20 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...