ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

33 000-НАН АСТАМ КӨЛІК ИЕЛЕРІ САЛЫҚ ТӨЛЕМЕГЕН

19:16, 4 мамыр 2021

2020 жылғы көлік салығын төлеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аяқталған. Алайда бүгінде әлі де төлем жасамаған автокөлік иелері бар.

2020 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуірінде аяқталды. Автокөлігі бар 33 мың павлодарлық төлемді уақытында жасамаған.  Оған қоса, осы жылдан бастап көлік салығына қатысты салық кодексіне жаңашылдықтар енгізілді.

Индира Әбілева, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы:

Жыл сайын егер де біз үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін көлік салығын жеке тұлғалар төлеуге міндетті болса, қазіргі таңда бұл міндеттеме өзгертілді. Яғни, жыл сайын  жеке тұлғалар ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін көлік салығын төлеу қажет.

Қазіргі таңда қала тұрғындары көлік салығы үшін 890 млн 600 мың теңге берешек. Салықты уақытында төлегендер мемлекет қазынасын 993 млн теңгеге толықтырды.

Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының жетекшісі:

Өкінішке қарай, кейбір адамдар қаржылық қиындықтарға байланысты салық міндеттемелерін орындамаған болуы мүмкін. Осыған байланысты салық берешегі бар төлеушілерге қарызды шұғыл түрде төлеу қажет, өйткені айыппұл әр күн үшін қосылып отырады.

Айта кетейік, төлемді екінші деңгейлі банктер арқылы, сондай-ақ "eSalyk Azamat" мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.

Айым Дидарқызы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...