ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

30 мың шаршы метр алқапқа гүл егіледі

23:57, 26 мамыр 2022

Павлодарда былтырғымен салыстырғанда гүл егетін аумақтың көлемі екі есеге көбейген. Осылайша биыл 30 мың шаршы метр жерді гүлмен көмкеру жоспарланған. Қазіргі уақытқа дейін жоспардың жартысынан астамы орындалыпты.

Қаладағы гүл отырғызатын аумақтардың бірі Ертіс олимпик бассейннің алды. Бұл жердегі 500 шаршы метр жерге әр түрлі гүлдер егілмек. Мердігер бекітілген. Ауа райына байланысты бұл жұмыс биыл кештеу басталса да, мамыр айының аяғына дейін гүлмен көмкеру жұмыстарын аяқтаймыз деп отыр.

Арман Құсайынов, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Биыл 30 мың шаршы метр аумаққа гүл егу жоспарланған. Қазіргі уақытқа дейін оның жартысы отырғызылды. Осылайша гүл егілген аумақты былтырғымен салыстырғанда екі есеге ұлғайттық. Абаттандырылған аумақтар тұрақты түрде бақылауда болады.

Гүлмен көмкеру жұмыстарына дизайнерлер мен флорситер де ат салысып жатыр. Қалаға солтүстік климатына бейімделген шырайгүл, сальвия, барқыт гүлдері егілуде. Мердігер күту, баптау жұмыстарын ғылыми кеңеске сүйене отырып жүргізеді. Бұл жұмысқа биыл 250 млн теңге бөлінген.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...