ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

25 мың шабақ жіберілді

10:38, 20 қазан 2021

Балық өсіру ісі ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Бұл тұрғыда арнайы мемлекеттік бағдарлама да қабылданып, өз жұмысын бастап кетті. Осы бағдарлама аясында Успен ауданында 25 мың шабақ көлге жіберілді.

Балықтар Успен ауданындағы балық өсуге ыңғайлы деген көлдердің біріне арнайы көлікпен жеткізілді. Балықтар осында өсіріліп, нарыққа әзірленеді. Бұл мемлекеттік бағдарлма бойынша өсірілуі тиіс балықтардың алғашқы легі.

Жанасыл Серікбол, тілші:

Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша мына көлге 25 мың шабақ жіберіліп жатыр. Солардың бірі міне менің қолымда. Беркелі істің бастамасы болсын деген ниетпен, кқлге жіберіп көрейін.

Павлодар облысы 2030 жылға дейін 10 мың тонна балық өсіруді жспарлап отыр. Балық әр түрлі тұқымдары мен түрлерін өсіруге мүмкіндігімі бар дейді мамандар.

Жасұлан Жұмашев, жануарлар әлемі бөлімінің басшысы:

Қазіргі кезде кап, карас балықтарын өсіреміз. Кейін осетор балығын өсіреміз. Қазіргі уақытта балық шабақтарын жіберу жұмыстары басталды.

Балық мұнда табиғи түрде тамақтандырылып өсірілмек. Көл басы күзетіліп, арнайы балықшылар қадағалайтын болады.

Иван Зайцев, балықшы:

Бұл көлде өттегің жеткілікті, әрі суы жылы. Сондықтан жылдың қай мезгілінде болмасын балықтың өсуінде еш қтындық болмайды деп ойлаймын. Салмағы қазір 30 грамм шамасында, жалпы жарты килорамнан 1 килограмға дейін өседі.

Жалпы Павлодар облысы бойынша 215 көлге балық өсіруге болады. Осындай оңтайлы көл айдыфндары игеру жұмыстары қарқынды жүргізілсе, мақсатымызға жетемізщ деп отыр мамандар.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...