ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күні

17:58, 22 маусым 2022

23 маусым-мемлекеттік қызметкерлер күні. Осы атаулы күнге орай арна тілшілері ақпарат және қоғамдық даму басқармасында еңбек ететін Мөлдір Сарсембиновамен жүздесті. Жас маман мемлекеттік қызметте 2019 жылдан еңбек етеді.

Мөлдір Сарсембинова, 31 жаста. Екі жоғары білімі бар. Сондай-ақ магистратурада оқып, ғылыми жоба қорғаған. Еңбек жолын 2019 жылы ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімнен бастады.

Мөлдір Сарсембинова, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы бөлімінің бас маманы:

Мемлекеттік қызметке 2019 жылы келдім. Оған дейін өзімнің отбасымен айналыстым. 2 баламыз бар. Балаларымды өсіріп, балабақшаға беріп, өзімнің еңбек жолымды бастадым. Мемлекеттік қызметке шығу ешқашан кеш емес деп ойлаймын. Қазір мен31 жастамын.

Мемлекеттік қызметшілерге  артылар үміт көп. Бастысы жұмысын  адал атқарып, елінің дамуына өз септігін тигізуі керек. Мемлекетке  адал еңбек ету Мөлдірдің басты ұстанымы.

Мөлдір Сарсембинованың күн тәрбібі минутына дейін белгіленген. Таңғы 6 дан тұрып, спортпен шұғылданады. Одан кейін жұмысқа келіп, еңбек етеді. Кешкі уақытын отбасына арнап, ағылшын  тілін меңгереді. Тынбай жасаған еңбектің арқасында  биік жетістікке жетуге болады дейді Мөлдір.

Мөлдір Сарсембинова, ақпарат және қоғамдық даму басқармасы бөлімінің бас маманы:

Жас маман болсақ та еліміз үшін, тыңбай, ерінбей еңбек етумізі қажет. Мемлекеттік қызмет өте қызық. Адамдармен көп жұмыс істейміз. Мемлекеттік қызметші халыққа қызмет атқарады.  Мемлекеттік қызметішелрдің яғни,біздің басты міндетіміз халыққа қызмет ету, мемлекетімізге адал қызмет ету.

Мөлдір жолдасы екеуі 2 бала тәрбиелеп отырған жас отбасы. Жанұясымен бірге  бос уақытын  пайдалы өткізуге тырысады. Спортпен шұғылданып, табиғат аясында демалғанды ұнатады.

 
Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...