ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты

19:26, 11 маусым 2021

14 маусымнан бастап 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды қайта айырбастауға болады. Естеріңізге сала кетейік, аталған банкноттар 2016 жылы қолданыстан алынған. Бүгінде Ұлттық банк тұрғындардың сұранысын ескере отырып, айырбастау үшін шексіз мерзім қабылдағаны туралы хабарлайды.

2006 жылы қолданысқа енгізілген банкноттарда - бәйтерек, ашық алақан, еліміздің туы мен елтаңбасы бейнеленген. Олар 1,2,5 және 10 мың теңгелік банкноттар. 2016 жылы айналымнан шығарылған болатын. Бірақ, банк қызметкерлерінің сөзінше, аталған банкноттар әлі де айналымда жүр. Тұрғындар мұндай ақшаларын толық айырбастамаған көрінеді.

Светлана Жүсіпова, «ҚР ұлттық банкі» ПОФ бөлім басшысының орынбасары:

 «Егер де тұрғындар белгілі бір себепетерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» АҚ филиалдарында айырбастай алмай қалса, онда Ұлтық Банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шексіз қабылдайды.»

Банкноттарды Павлодар қаласы, академик Сәтбаев көшесі 44 мекен-жайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің филиалында айырбастауға болады. Бөліп айтары, ескі банкноттарды ұлттық банкте ғана қабылдайды.

 

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...