ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

200-ге жуық үй жылусыз қалды

20:15, 2 желтоқсан 2021

КазПравда және Камзин көшелерінің қиылысында коммуналдық апат болып, 200 дей үй жылусыз қалды. Жылу жүйесінің қызметкерлері қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Коммуналдық апаттың салдарынан Каз Правда мен Қамзин көшелерінің қиылысындағы жер үйлер жылусыз қалған. Кеше болған апат кешке дейін қалпына келтірілген. Десе де тағы да ақу шығып, жер үйлерді бүгін жылудан айыруға тура келген.

Екатерина Байжұманова, «ПавлодарЭнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі басшысының м.а:

Бүгін тағыда ақау шығып, тұтынушыларды жылу мен ыстық судан айыруға тура келді. Жұмыс тобы ол жерде аптты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сағат 17:00 ге дейін жылу мен ыстық суды жіберетін болады.

Қазіргі уақытта «Павлодар жылу жүйесі» мекемесінің апаттық тобы жұмыс істеуде. Десе де әлі жылусыз отырған үйлер көп.

Раиса Илханова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Екі күн болды біздің үйде жылу жоқ. Кеше күні бойы болмады. Қазір міне түскі бір жарым әлі жылу жоқ. Үй суып кетті. Бізде пеш жоқ. Кішкентай балаларымыз бар.

Павлодар қаласының тұрғыны:

Кешеден бері жылу жоқ. Біздің көшені ғана емес, осы маңайдағы үйлердің бәрінен жылу кетіп қалды. Суық үйде балармен отырмыз.

Жылу маусымы басталғалы Павлодар қаласының тұрғындарынын маза кеткені рас. Бірде жылу жетпей жатса, бірде аяқ астынан апат шығады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...