
Павлодар тұрғынынан заңсыз ауланған сүйрік балықтары тәркіленді. Түнгі екілер шамасында Ақтоғай ауылында Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғыны басқарған «УАЗ» автокөлігі ұсталған. Көлікті тексеру кезінде салоннан 15 келі бекіре тұқымды сүйрік балықтары мен аулауға қажетті құрал-жабдықтар тәркіленді.