ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

144 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

11:39, 14 мамыр 2020

Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан соң 144 отбасы пәтер кілтіне ие болып, қуанышқа кенеліп жатыр. Сарыарқа мөлтек ауданында жаңадан салынған екі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілттерін қала әімі Қайрат Нүкенов табыстады.

Сарыарқа мөлтек ауданында бой көтерген тоғыз қабатты үйлер «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Пәтер иелері – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспана қол жеткізгендер. Жаңа үйдің кілттерін салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Қайрат Нүкенов қатысты. Шаһар басшысы карантин режимі кезінде күні-түні жұмыс істеген құрылысшылардың еңбегіне алғыс білдіріп, тұрғындарды жаңа қоныстарымен  құттықтады. 

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Жаңадан үйлер бой көтеріп, Сарыарқа шағын ауданында  абаттандыру жұмыстары жасалып жатады. Құрметті павлодарлықтар! Осы қуанышты күнде сіздерге тек жақсылық тілеймін!  Отбасыларыңыз аман, қоныс тойларыңыз құтты болсын!

Кең әрі жайлы баспанаға ие болған жандардың қуанышында шек жоқ.  Барлығы еңбек етіп, алдарына айқын мақсат қойып, баспанаға қол жеткізіп отыр. Бүгін қоныс тойын тойлағандардың қатарында көп балалы отбасылар да бар. Солардың бірі Мұхтар Амангелдіұлының отбасы. Көптен күткен жаңа пәтерге кіріп, салтқа сай шашу шашты.

Амангүл Сәбит, пәтер иесі:

Көптен күткен үйіміз. Қуаныштымыз. Нұрлы жер бағдарламасымен алдық. Екі жылдай жинадық ақшаны. 3 бөлмелі алып жатырмыз. Балалар бәрі бақытты. Төрт балам бар. Әр баламда өз—өзі бөлмесі болады деп мәз болып жатырмыз. Қуаныштымыз! Бәрен жұғысты  болсын!

Айта кетейік, 2019 жылы Павлодарда 200 мың шаршы метр баспана яғни, 407 пәтер пайдалануға берілген. Жалпы биыл Сарыарқа шағын ауданында 6 көп қабатты тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Ал, Достық шағын ауданында да алты үйдің құрылысы жүріп жатыр.


Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар