ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

12 МАМЫР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ

13:18, 13 мамыр 2021

Бүгін халықаралық медбикелер күні. Қоғам үшін ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Оған соңғы жылдары әлемді әбігерге салған пандемия куә. Алдыңғы шепте жүріп, жанымыздан табылған жандарға кезекті сюжетіміз арналады.

Сюжетіміздің бүгінгі кейіпкері Бақытгүл Мәжитова. Сіз бен біздың басымыз ауырып,  балтырымыз сыздаған кезде бірден кезігетін жан. Ол қиындығы мен қызығы қатар жүретін медицина саласына осыдан 20 жыл бұрын келіпті. Мамандығы медбике. Қазір жаңа модульдік инфекциялық аурухананың жан сақтау бөлімшесінде жұмыс жасап жатыр. Жаны үшін арпалысқан науқастардың әр сәтінің куәгері де осы адам.

Бақытгүл Мәжитова, модульдік инфекциялық аурухананың медбикесі:

Жақсы медбике болу үшін оңай емес. онда да көп білу керек, үйрену керек. Бәрін білмеін деп айта алмаймын. Жыл сайын ай сайын үйреніп тұрамыз. Әр саланың қиындығы бар дегендей. Осы пандемияға байланысты жұмыс жүріп жатыр. Бәрі дәрігерлер науқастарға болсып жатыр. Науқастар жазылып. Иә бөлімшеге аударғанда өзіміз өте қуанамыз. Жемісі көрініп тұрады.

Бақытгүл Мәдиқызы жылдар бойы балалар ауруханасында  жұмыс жасаған. Өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігі,  мамандығын атақ пен абырой үшін емес жай ғана қызметін жақсы көруге жетеледі.

Бақытгүл Мәжитова, модульдік инфекциялық аурухананың медбикесі:

Сменды алғасын бүкіл палатаны тексереміз. Науқастарды тексереміз. Манипулияциялар жасаймыз. Тамақтандырамыз. Индивидуально қарау керек. Бұдан бөлек, психологиялық тұрғыда жақындау керек.

Медбике дәрігердің оң қолы дейді.  Павлодар облысында 8 мыңнан аса мейірбике қызмет етеді.  Елдегі орын алған сын сағатта бұл мамандық иелерінің қоғамға аса қажет екендігі тағы бір мәрте дәлелденді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды
18:53, 15 маусым 2021
Жоғары сынып оқушылары жұмыспен қамтылды
Толығырақ...
Ана мен баланың өміріне жауапты маман
18:52, 15 маусым 2021
Ана мен баланың өміріне жауапты маман
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...