ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

18:45, 7 маусым 2021

Ғасыр жасаған әже. Павлодар маңындағы Байдала ауылында 105 жас жасаған кейуана тұрады. Хапиза апай талай болған зұлмат жылдардың куәгері. Біздің түсірілім топ арнайы әжейге барып келді. Хапиза апамыз болса ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті.

Самайын ақ басқан, жасы жүзден асқан апамыз бүгінде ауылда сыйлы адамдардың бірі. Бай өлке Баян өлгейден ата жұртқа Қапиза Рахметқызы тәуелсіздік алған жылдары қоныс аударған.  Басына талай бейнет түссе де, қажымай талмай бүгінгі күнге жетіп отыр.

Хапиза Рахмет, Байдала ауылының тұрғыны:

Көрмеген бейнетім жоқ. Шалым кетті соғысқа. Мал бақтым, от та жақтым. 29 жыл жұмыс сітедім. Бес баладан қалған 1 қыз 1 ұлым бар.

Хапиза әжеміз ширақ, тың. Ауылдың қуанышынан қалмаймын дейді. Кезінде құрт, ірімшік, көженің түрлі түрлісін жасаған. Тек соңғы уақытта жүрегімнің ауыратыны болмаса деп отыр. Әжей қазір немересінің қолында тұрады, шөберелінің қызығын көріп отыр.  Ал ұзақ жасаудың құпиясы елден алған ақ батада дейді.    

Хапиза Рахмет, Байдала ауылының тұрғыны:

Құпиясы дегенде Алла берген жақсылығына көндім. Балаларымның алдында кетсем болды.

«Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, қарияларымыз бар да біз баймыз, бармыз. Ал олардың берген өнегесі талай жылға азық.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...