ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

102 ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

19:17, 1 ақпан 2021

Жуырда ғана еліміздің Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге бағытталған цифрлық жобаларды таныстырған болатын. Аталмыш жүйе пилоттық режимде апробацияланды.

Бүгіннен бастап іске қосылған жобалардың  бірі 102 мобильді қосымшасы. Мамандардың айтуынша, қосымшаны қосудағы мақсат полицияны халыққа жақындату және қызметтерді қол жетімді ету. Оның көмегімен елдің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпаратты жібере алады және оның хабарламасы жауапсыз қалмайды.

Темірбек Шаудыров, Павлодар қаласы полиция:

Барлық азаматтар 102 мобильді қосымшаны плей маркет апстор жүктемелерінде жүктеуге болады.  Сосын өздеріне тіркеп, өзінің аты-жөнін барлығын тіркеп, сосын біздің 102 ге хабарласуға болады. Біршама көрген, неболмаса көріп қалған оқиғаларды тіркеп, бейне суреттерін жіберуге болады.

"102" мобильдік қосымшасы арқылы бейне және аудио қоңыраулар жасауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ,  ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсында Telegram, VKontakte-дегі чат-боттар арқылы мәтіндік кеңес берумен қатар, өтініштерді беру үшін чат-боттар, электрондық пошта сияқты арналар жұмыс істейді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы,  Гауһар Мұса

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
19:08, 14 сәуір 2021
КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
19:07, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...