ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

22:08, 24 қараша 2021

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының төрағасы өкілеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бұл туралы тұңғыш Президент саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айтты. Дегенмен Нұрсұлтан Назарбаев уақытша партия төрағасы лауазымын атқара береді. Себебі саяси ұйымның көшбасшысын сайлау үшін партия съезі өтуі керек.

Жиынды ашқан Елбасы отыз жыл ішіндегі еліміздің даму жетістіктеріне тоқталып, мұның барлығы бірлесе атқарылған жұмыстың, маңызды мемлекеттік шешімдер мен батыл реформалардың жемісі екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР тұңғыш президенті – елбасы:

Ең бастысы бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды. Әлем картасында Қзақстан деген егемен елдің ойып тұрып орын алуы үшін аянбай еібек еттік бәріміз. Ендігі кезекте осы жетістіктерімізді еселеп арттыру ел ынтымағының тұтастығына байланысты.

Сондай-ақ, шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының төрағасы өкілеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бұл туралы тұңғыш Президент саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айтты. Елбасының сөзінше партияны Президент басқаруы тиіс.

Жарқынбек Амантайұлы, облыстық мәслихаттың депутаты:

Елдікті ұстап тұру ең қиыны. Тәуелсіздікті алудан көрі, оны ұстап тұру қины дейді ғой. Санаулы күндерден кейін біз тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына қадам басқалы тұрмыз. Осы тарихи кезеңде үлкен жүк ендігі елдің тізгінін алатын азаматтардың мойнына түсіп отыр.

Қазақстан тәуелсіздігінің төртінші он жылдығына қадам басқалы жатыр. Еліміз дамудың жаңа кезеңінің алдында тұр. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғырын» жария етті. Бұл қазақстандықтар үшін негізгі бағыт-бағдарға айналуы қажет.

Санира Жүсіпова, «Jas Otan» ПОФ ЖҚ төрайымы:

Бүгіні біз жастар тағы да тарихи сәттің, қадамының куәгері болып отрымыз. Өзім қобалждып тұрмын да, жүрегім лүпілджеп тұр да. Елбасы,  «Nur Otan» партиясының төрағасы жастарға жеті тұғыр деген бағыи берді. Бүгінгі таңда білім, экономика, прагматизм, экономика осы жеті бағытпен жұмыс істеуге дайынбыз. Ең бастысы, адал еңбегімізбен халыққа жұмыс жасасақ үлкен жеңіске жетеміз.

Отырысқа қатысқан «Nur Otan»-дықтардың баяндамалары тыңдалды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің алдында тұрған сын-қатерлерге, сондай-ақ партияның келешек стратегиялық мақсаттарына жан-жақты тоқталды.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті
20:39, 5 қараша 2021
Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервінің өкілдер...
Толығырақ...
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді
20:10, 4 қараша 2021
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...