ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

10:35, 6 мамыр 2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында елімізде 6,5 мыңнан аса инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген. Олар әлеуметтік объектілерді, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, суару және ирригациялық жүйелерді, тұрғын үй-коммуналдық объектілерін жөндеу мен салуға, елді мекендерді абаттандыруға қатысты. Осының арқасында 255 мың жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің слекторлық отырысында айтылды.

Жалпы, барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 1 млн  220 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 235 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Премьер-Министр Үкімет үшін бүгінгі таңда басты басымдық тұрғындардың жұмысын сақтау екенін атап өтті. Бұл ретте жұмыспен қамту және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар, инфрақұрылымды жақсарту ел экономикасын қалпына келтіруде жақсы нәтиже береді. Асқар Мамин, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жобаларды іске қосуды бастау қарқыны жақсы екенін атап өтті. Қызылорда облысы, Алматы және Шымкент қалалары артта қалып келеді.  «Өңірлердің әкімдіктеріне инфрақұрылымдық жобаларды толық іске асыруды бастауды, оның ішінде отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің негізгі көлемінің отандық болуын тапсырамын. Барлық бөлінген қаражат экономикаға жұмыс істеуі тиіс», - деп атап өтті Асқар Мамин.

Тақырып бойынша материалдар

КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
21:34, 3 тамыз 2020
КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар