ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЖАРИЯЛАНБАЙДЫ

10:10, 27 наурыз 2020

Короновирус жұқтырған азаматтардың алды жазылып, бүгін ауруханадан шыға бастады.

Олар Алматы мен Нұр-Сұлтанда емделген. Бірақ, сырқатынан айыққандардың  аты-жөні айтылмайды. Дәрігерлік құпия.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Ешкім де коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Олардың барлығы өз азаматтарымыз. Коронавирустан жазылған азаматтар өздеріне қатысты жеке мәліметтерді жария етпеуге құқықтары бар. Біз оны сыйлауымыз керек. Сонымен бірге егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің рұқсатынсыз ешкімге бермеулеріңізді сұраймыз.

Ал алдағы күндері қазақстандықтардың көшеге орынсыз шығуына тыйым салынуы мүмкін. Бұл мәселені қазір мемлекеттік комиссия қарап жатыр.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Соңғы күндері бізге азаматтардың көшеге шығуын тежеу бойынша жиырмаға тарта сұрақ түсті. Бұл қазір мемлекеттік комиссияның қарауында. Комиссия отырысы бүгін өтеді. Нәтижесін БАҚ-қа жариялайтын боламыз.

Оқушылар да үйде отырып білім алады. Қазір қашықтан оқыту мәселелері пысықталып жатыр. Жұмыс тобы құрылған. Олар сабақты 30 минуттан оқитын болады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Телевидениеге 2000-нан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі 200ге жуығы дайын. Бір айтып өтетін жағдай бұл педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтан оқуыту процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне өтетін болады. Оқушы мұғалім, ата ана кері байланыс арқылы жасалатын болады. Барлық методикалық нұсқаулықтар дайын.

Ал елдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары толық жабылды.  Мемлекеттік қызметтердің 80 процентін  егов сайтынан алуға болады деді  министр. Онлайн қызметтердің қатары әлі де көбейеді. Отандық өндірушілер үшін тауарларды конкурс өткізбей-ақ сатып алуға рұқсат берілді. Осылайша, қазақстандық компаниялар үздіксіз жұмыс істейді әрі бюджетке салық уақытылы түседі. Ал ең бастысы бұл қолдау кәсіпорындарға қызметкерлерін қысқартпауға көмектеседі, деп отыр  ведомство басшысы.

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
12:22, 26 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
12:02, 26 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...