ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ

22:05, 15 қаңтар 2021

Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің төрағасы болып қайта сайланды. Ал палатадағы комитеттер өзгеріссіз қалды. Тек олардың басшылары ауысты. Бүгін сондай ақ жаңа құрамдағы депутаттар ант берді.

Халыққа адал қызмет етуге ант еткен жаңадан сайланған 47 депутат. Олардың қатарында «Нұр Отаннан» 24, «Ақ жолдан» 8, «Қазақстан Халық партиясынан» 7 өкіл бар.  Ассамблея атынан сайланғандардың 8-і жаңа. Барлығы мәртебелі міндетін дақ түсірмеуге сөз берді. Жалпы 3 партиядан сайланған депутаттардың орташа жасы 45. Ал, көпшілік дауысына ие болған «Нұр Отан» фракциясының құрамы 70%-ға жаңарып отыр. Олардың жартысына жуығы әйелдер мен жастар. Ең жас депутат 25-те.

Мәди Ахметов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:


НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ БОЛДЫ

Ант беру рәсімінен соң Мәжіліс төрағасын сайлау жайы талқыланды. «Нұр Отаннан» сайланған Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылды. Оның іскерлігін айрықша атаған фракция мүшелері спикерлікке сай екенін айтты.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Министрлікте де, партияда да, облыста да, әкімшілікте де басшы қызметте болып, қай-қайсысында да өмірдің үлкен сынағынан өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына шыдас берген. Қазақша айтқанда от пен судан өткен тұлға.

Ұсынысты «Қазақстан халық партиясы» құптады. Ал, ақжолдықтар өз арасынан төраға ұсынуды ойлаған. Бірақ, Нығматулиннің кандидатурасына қарсылық танытпады. Себебі, әділ басшы,-дейді.

Азат Перуашев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Көпшілік партиясының өкілі болса да Парламент ішіндегі партия аралық тең дискуссияларына, әділетті қарым қатынастарына себепші әрі әділ төреші болды.

Жаңа төраға жасырын дауыс беру арқылы бекітіледі. Сол үшін санақ комиссиясы құрылды. 100 бюллетень берілді. Жүзі де бірауыздан Нұрлан Нығматулинді жақтады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы:

Біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын.

МӘЖІЛІСТІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАЛАРЫ САЙЛАНДЫ

Спикер өзінің орынбасарлары лауазымына Балайым Кесебаева мен Павел Казанцевті ұсынды. Бұл да қолдау тапты.  Мәжілістің 7 комитетіне 7 төраға сайланды. Оның екеуі парламенттік оппозициядан. Яғни, аграрлық мәселелер комитетіне «Ақ жол» партиясынан Ерлан Барлыбаев. Ал, экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне «Қазақстан халық партиясынан» Александр Милютин сайланды. Қалғаны  «Нұр Отаннан» сайланып отыр.


 

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
21:05, 4 наурыз 2021
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
30 ШЕТЕЛДІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСІ ЖЕРГІЛІКТЕНЕДІ
21:01, 4 наурыз 2021
30 ШЕТЕЛДІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСІ ЖЕРГІЛІКТЕНЕДІ
Толығырақ...
 «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛДЫ» КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:56, 4 наурыз 2021
«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛДЫ» КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...