ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЗАҢ ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ

10:01, 27 наурыз 2020

«Елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлданды.

Басты қағида митинг ұйымдастырушылары мемлекеттен рұқсат алмай, ескертумен шектеледі. Үкімет ұсынған құжатқа депутаттар тарапынан елеулі өзгерістер де енгізілді. Алғашқысы өткізу орындарына қатысты. Жергілікті әкімдіктер арнайы белгіленген орындардың қайсысы қай уақытта бос екендігін ақпараттық сайттарында көрсетіп отыруға міндеттелмек. Сонымен қатар, депутаттар бейбіт жиын өткізу туралы хабардар ету мерзіміне ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, үкіметтік нұсқада ұсынылған 15 күндік мерзім қысқартылуы тиіс. Қолданыстағы заңда рұқсат алу мерзімі 10 күн. Құжатта БАҚ туралы заңның нормаларын қайталатын тұстары да бар. Ол да екінші оқылымға дейін пысықталатын болды. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісі төрағасы:

Осы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне мәжілісте енгізілген өзгерістер ең алдымен мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейтуге ықпал етеді. Ол біріншіден, ал екіншіден азаматтардың кез-келген мәселені ашық және еркін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
12:22, 26 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
12:02, 26 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...