ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ұлттық кеңес мүшелері Президент жолдауын талқылады

10:19, 3 қыркүйек 2021

Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері Президент жолдауын талқылады. Сарапшылар мемлекет басшысының бастамаларын мемлекеттік аппарат пен қоғам бірлесіп орындауы керек деп санайды. Себебі, ондағы жүктелген міндеттерде негізінен халықтың жай-күйі қамтылған.

Әділетті қоғам құрудың төте жолы – адам құқықтарының сақталуы. Бұл ретте Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының өлшемдеріне сәйкес келуі керек. Бізде ұмтылыс бар. Әйелдер, жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды сайлау тізіміне қосу – соған негіз. Бірақ, Президент әлі де 30 пайыздық квота толық сақталмағанын,   олқылықты жою қажеттігін айтты.

Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:

Біздің ориентиріміз – БҰҰ-ның индикаторлары. Адам құқының индикаторлары. Әйелдердің квоталарын жоғарылатып, әр салада болсын мемлекет бақылап отыруы қажет. Әйел азаматтардың құқықтарын қорғап отыруы қажет. Көмектесіп отыру керек.

Келер жылы ең төменгі жалақы көбейеді. 42 мың 500-ден 60 мың теңгеге артпақ. Бұл қазіргі қымбатшылықта халыққа демеу. Дегенмен инфляция деңгейі төмендемесе оң әсері сезілмейді,-дейді сарапшылар. Ол үшін нарықтың монополиялануын жою қажет.

Ерлан Саиров, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Инфляцияны бақылап отыру ол министрліктердің, әкімдіктердің жұмысы. Міне қазірдің өзінде келесі жылдың көктеміне азық-түлік және ет базасын проблема болмас үшін жасап қою керек.

Елдегі көлеңкелі нарық 40 пайызға тақау. Демек осынша экономикалық резерв қолданылмай тасада жатыр деген сөз. Президент 6,5 млн.нан аса адам жалданып жұмыс істейтінін айтты. Табыстары төмен. Мәселенің шешімі – бизнес үшін салықты 34-тен 25 пайызға кеміту. Сөйтіп, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді ұсынды. Нәтижесінде бизнес мыңдаған қызметкерін заңды түрде рәсімдейді.

Айдос Сарым, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Мен ана жерде қызметкерлеріме конвертпен берсем мынадай пайда түседі екен. Ал дұрыс төлесем, бүкіл салығын, жарнасын төлесем осындай пайда түседі екен деп соны түсінгенде еңбек нарығын заңды, легалды бағытқа шығаруға болады. 

Қорыта айтқанда әр адам заңды орындаудан және талаптарына бағынудан жалтармауы қажет. Ондай түсінік қалыптастыру үшін әділ жағдай жасалуы шарт. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
09:41, 21 қазан 2021
Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...