ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҮШІН АРНАЙЫ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕДІ

10:26, 13 мамыр 2020

Еліміздің экономикасын қалпына келтіру үшін арнайы жоспар әзірленді. Бүгін төрт айды қорытындылаған Үкімет осы маңызды құжатты келесі апта жарияламақшы.

Дағдарыстан шығуға арналған құжаттың жасалуы бекер емес. Коронавирустың кесірінен көрсеткіштердің көңіл көншітпейді. КЕСТЕ: Әсіресе қаңтар-сәуір айларында қызмет көрсету саласы 17, сауда – 35 пайызға азайған. Импорт- 7 млрд долларға дейін төмендеді. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9 процентке баяулап отыр. Десе де өсім жоқ емес. Тауар өндірісі – 5,8 ал құрылыс бес жарым пайызға артқан. Экспорт  көлемі де 4,2 процентке ұлғайып отыр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Премьер-министр жағдайды жақсарту үшін кешенді жоспарды іске асыруды керек деді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Ұлттық экономика министрлігіне премьер-министр кеңсесімен бірлесіп, осы кешенді жоспарды келесі отырысқа шығаруды тапсырамын. Әкімдіктер қызмет көрсету секторын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет.

Ал қаржы нарығындағы ахуал тұрақтала бастады. Ұлттық банк төрағасының айтуынша сәуір айында төл ақшамыз долларға шаққанда 5,2 процентке нығайып, 424 теңгені құрады. Әрі Ерболат Досаев долларға сұраныстың азайғанын айтты. Соның салдарынан теңге мен долларға қатысты валюта саудасының көлемі өткен аймен салыстырғанда екі есе азайған. Яғни 3 млрд 460 миллионнан 1 млрд 720 миллион долларға дейін төмендеген.  Есесіне шетел валютасындағы депозиттердің көлемі сәл көбейген.

Тақырып бойынша материалдар

КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
21:34, 3 тамыз 2020
КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...